Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы


Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз



бет49/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

38. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі­месі өткен жылдың құйрықты жұлдызын­дай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айы­­зын бір қандырып, қапысыз баба­мұ­рат­ты бағзы заманның шежіресіне қанық ет­кен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этног­ра­фия­­лық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жү­­­гінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әу­лие­лік­­ке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш ете­ді, кей тұста ел мен жердің аңысын аң­ды­ғандай географиялық әу-жайға қанық­ты­рып қояды. Жазушының жұрнақ пен жал­ғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күр­делі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қай­тара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, та­рихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шы­найы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құн­дылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен діл­­ді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шы­ғармасының кең ауқымына, терең иірі­мі­н­е қарап эпикалық әңгіме деп тануға бо­лады.
Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кес­ті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жа­рық­сыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағ­ды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпен­нен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғи­дай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің ар­ғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тай­па қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз бол­ғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлік­шіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп ба­ланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұ­қым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қа­шырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тап­сырдым!». Көз алдыңызға көкірек ке­нересін даналық кемсерген, әулие-абыз қа­рияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абы­ройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір­дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын то­сып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпе­дей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тек­сіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек­сіз­дік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құл­дыққа да саяды, санаң құлдықтан азат бол­сын деп үгіт етеді.
Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тә­ңір­ді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жыл­қыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін­се, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазу­шының көркем шығармаларында, эс­селік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз ма­хаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қа­лам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмір­лік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай.
« – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң­қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, бет­­тескендей, бөрілі қазақты құшақ бас­қан­дай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен?
«Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уа­қыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жаста­ры­ның» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлт­тың намысына тиер бұзаутіс қам­шы­ның ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құлан­дай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазу­шының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді.
Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осы­ны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасыз ердің көгермейтінін біледі.
Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниета­ным­ға бөктіреді. В.Шукшин: «Мен «теле­граф­тық стиль» дегенді білмеймін, тартпайтын әңгімені ғана білемін» депті. А.Кемел­баеваны оқу – қарысып қатқан қол­ты­ғыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап ете­ді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әде­биет­тің негізі көр­кем тіл, көмбеленген ас­тарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерін­де ақпараттық ны­ғыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеу­рін­нен таза стиль қалыптас­тыра алған өз жолы бар қаламгер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет