4. Тұздардың аттары
Тұздардың аттары екі зат есімнен тұрады: бірінші орында ілік септікте тұратын катион атауынан және екінші орында атау септікте тұратын анион атауынан (септелетін зат есім). Кейбір эфир аттары да осы жолмен жасалады.
Мысалы:
Calcii glycerophosphas кальций глицерофосфаты Adrenalini hydrochloridum адреналин гидрохлориді Methylii salicylas метилсалицилат (эфир)
Amylii nitris амилнитрит (эфир)
Аниондар атаулары сәйкес қышқылдың латынша атының негізіне -аs, - is, - id-um жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
-аs, - is жұрнақты анион атауларыIII септеу ер тегі зат есімдері (ережеден тыс сөздер), ал
- id-umжұрнағы жалғанған анион атаулары II септеу орта тегі зат есімдері болып табылады.
Аниондар атаулары
Сөздік форма үлгісі
|
Тег і
|
Сеп теу
|
Латын тілінде мысал
|
Қазақ тілінде мысал
|
Nom.
|
Gen.
|
Жұр нақ
|
Анион атауы
|
-аs
- is
- id-um
| |
m
m n
|
III
III II
|
sulfas, atis m
sulfis, itis m sulfidum, i n
|
-ат
-ит
-ид
|
сульфат
сульфит сульфид
|
Негізгі тұздардың аниондары аттары sub- сөз алды қосымшасы, ал қышқыл тұздардың аниондары аттары hydro- сөз алды қосымшасы жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: hydrocarbonas, atis m гидрокарбонат subgallas, atis m негізгі галлат