Астық есебі. Қырманға кеп түскен астық қосымша кептіру мен сұрыптауды қажет етеді. Кептіруге, тазалауға және сұрыптауға жіберілген әр астық топтамасын өлшеуден өткізеді. Сұрыптау мен тазалау аяқталған соң алынған астық өнімінің саны мен сапасын анықтайды және құрғап кеткендердің көлемін, қолданылмайтын қалдықтарды белгілейді. Өндеуден өткен астықтың сапасын зертханалық талдау ақылы анықтайды. Нәтижесі Актіде көрсетіледі.
Астықтың бір бөлігін қырманнан астық қабылдаушы дайындау бекетіне, қалған бөлігін қойма шаруалары мен астық қоймаларына жібереді. Әр топтамаға астықты, май дақылдары дәні мен шөптерді жіберу-қабылдауға арналғантауар-көліктік жүкқұжатын жазып береді.
Қырманға астық өнімінің түсуі мен жұмсалуы жөніндегі жинақтау құжаты - астық және басқа да өнімдер қозғалысы тізімдемесі болып табылады, оны қырман басшысы күн сайын, әр дақыл бойынша, жұмыс уақыты аяқталған бойда құрастырады.
Астық қозғалысы тізімдемесін бастапқы құжаттармен бірге жұмыс күнінің соңында бухгалтерияға қойма есебі кітабына алдын ала белгі қойып жібереді. Бұл жүйелі түрде қырмандағы астық қозғалысын бақылап, оны бухгалтерлік есеппен салыстыруға толықтай мүмкіндік береді.
Өсімдік, бағбан шаруашылық, картоп пен бақша дақылдары өнімдері есебі.Өсімдік, бағбан шаруашылық, картоп пен бақша дақылдары өнімдерін шығару есебінің бастапқы құжаты – ауыл шаруашылық өнімінің түсу күнделігі болып табылады.
Көкөністерді жинаудың жеке мерзімдерінде келесідей өлшем бірліктерді пайдалануға болады – дана, байлам және т.б., және де олар міндетті түрде массаны өлшеу бірлігіне– киллограммға белгіленулері тиіс. Өнімнің әрбір өлшеуіне қабылдаушы тапсырылған өнімнің өлшемі мен массасы көрсетілген талон береді, ал олардың негізінде есептік бетке әр жұмысшының табысын анықтау үшін өімділігінің жазбалары енгізіледі. Жиналған жерден шығарылған өнімнің әр топтамасына косалқы жолдама құжат жазылып беріледі.

Жүкқұжаттарымен, жолдамалармен, актілермен біріктірілген ауыл шаруашылық өнімнің түсуі жөнідегі күнделіктер күн сайын бухгалтерияға өткізіледі.