УДК ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӘСЕРІ Әукен Айнаш Орынбасарқызы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультетінің аға оқытушысы
kosan_92@mail.ru Аукенова Жаркын Орынбасарқызы akjeka_80@mail.ru Қарағанды қ., Қазақстан
Аннотация:
Тірек сөздер:
Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіпөркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығыменжаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.