Көмірсулар құрамына, құрылымына қарай моно-, олиго, және полисахаридтер болып үшке бөлінеді. Моносахаридтер - монозалар деп аталады және олар көп атомды альдегидоспирт немесе кетоспирттер тобын құрайды. Олигосахаридтер –екі не одан да көп моноза бунақтарынан тұратын қосылыстар. Полисахаридтер-ондаған не одан да көп моноза бунақтарынан тұрады.
Моносахаридтер немесе монозалар - молекуласының қурамында бір карбонил тобы =С=О және бірнеше гидроксил тобы –ОН бар гетерофункционалды қосылыстар. Жалпы формуласы Cn(H2O)n, мұндағы n-3 пен 9-ға дейінгі бүтін сандар.

Жіктелуі:
• көміртегі атомының саны бойынша – триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар;
• альдегид немесе кетон тобының болуына қарай – альдозалар немесе кетозалар.