Қант қызылшасында 16 – 20% сахароза болады. Сахароза - тағамға пайдаланатын қант. Сахароза α-D-глюкопираноза мен β-D-фруктофуранозадан құралған.
α(1→ 2)-гликозидтік байланыс
Сахароза молекуласында гликозидтік гидроксил тобы жоқ.
Сахарозаның тәттілігін 100% деп, басқа қанттарды онымен салыстыра бағалайды. Оңай гидролизденіп, глюкоза мен фруктозаның бірдей мөлшерін түзеді (инвертті қант).
Инверсия – уақыт барысында жарықты бұру бұрышының өзгеруі. Қанттың оптикалық активтігі (+66,50). Фруктозанікі (-920), ал глюкозанікі (+52,50), сондықтан гидролизден кейін сахароза жарықты солға бұрады. Табиғи инвертті қант– бал.