Ундарға (Ғұндар) Руа патшалық етті. Ол Истра бойын қоныстанған және Римдіктермен одақтасуға ұмтылып жүрген Амилзурларға, Итимарларға, Тонесурларға, Войсколарға қарсы соғыс ашуды шешті



бет2/7
Дата07.01.2022
өлшемі66,98 Kb.
#18698
1   2   3   4   5   6   7
2 үзінді

Жәрмеңке кезінде скифтер Римдіктерге опасыздықпен шабуыл жасады және көбін қырып салды. Римдіктер оларға елші жіберіп, қамалды басып алғандары мен келіссөзді бұзғандарына шағымданды. Скифтер былай жауап берді, олар мұнадай нәрсені бірінші рет жасап тұрған жоқ, бұрыннан келе жатқан реніштері бар екен, сол үшін Римдіктерден кек қайтарған; бұл епископ Маргский олардың жеріне өтіп, патшаның қазынасын іздеген, және онда сақталған қазынаны алып кеткен; егер Римдіктер келісім-шарт бойынша оны және басқа да қашып өткен көптеген адамдарды қолдарына бермесе онда олар қолдарына қару алып іске көшетінін айтқан.

Римдіктер бұл шағымдардың орынсыз екенін айтты. Варварлар өз істерінің ақиқат екенін дәлелдеп, мұндай дауды сотқа беруді де ойлап жатпады. Олар бес қаруын сайлап алып, Истрадан өтіп осы өзен бойындағы көптеген қалалар мен қамалдарды қиратты. Олар Виминакиді, Иллириктегі Мисийский қаласын алды. Варварлардың бұл әрекеті көптеген Римдіктердің епископты Скифтерге берген жөн, әйтпесе бір адам үшін күллі Рим мемлекетінің басына соғыс қауіпі төнбек деуге мәжбүр етті. Епископ өзін скифтерге беріп жіберер деген қауіппен Марга тұрғындарынан жасырынып скифтер жағына өтіп кетеді де, егер олардың патшалары оған аяушылық танытатын болса оларға қаланы басып алуға көмектесетінін жеткізеді. Олар әрине егер ол өз уәдесін орындайтын болса көптеген қайырымдылық жасайтындарын айтып сөз байласады. Екі жақ та уәделерінде тұруға ант бересіп, қол алысады. Епископ Рим жеріне варварлардың қалың тобын ертіп келіп оларды өзен жағасына қалдырып кетті. Түнде алдын ала келісілгендей белгімен варварларды көтеріп, соның арқасында қаланы басып алды. Марг осылайша талқандалды, ал варварлардың күш-қуаты одан әрі арта түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет