3-үзінді
(442 г. по P. X. Феод. 35-й).
(Там же Р. р. 34; В. 141)
Кіші Феодисиидің тұсында Ундардың патшасы Атилла өз әскерін жиып алып, Рим патшасына хат жіберді онда тез арада қашқындар қайтарылсын, алым (дань) жиберілсін деген талап қойылды (соғыс жүріп жатуына байланысты оған қашқындар да, алым да жиберілмеген болатын) және болашақтағы алым төлеу туралы келіссөз жүргізу үшін жаушылар жіберілсін делінген. Егер Римдіктер бірдеңені былықтыратын болса, немесе соғысқа дайындалатын болса, онда Аттилла Скифтер әскерінің шапқыншылығын одан әрі ұстап тұра алмайтынын мәлімдеді. Патшалық кеңес мүшелері Атилланың хатын оқыған соң өздерінің қоластына қашып келгендерді бермейтін болды, сонымен бірге соғысуға дайындала бастады; оның үстіне Аттиллаға арадаға кикілжіңді тоқтау үшін жаушылар жібермек болды. Римдіктердің жауабына ашуланған Аттилла римдіктер жерін қиратып, бірнеше қамалдарды жермен-жексен етті, адамдар көп шоғырланған үлкен қала Ратиариге жақындап қалды.
4-ші үзінді
(Exc.De leg. Rom. P. p. 48; B. p. 169).
Феодосий Аттилаға жаушы етіп бұрын консул болған Сенаторды жіберді. Елшілік дәрежесіне қарамастан ол Ундарға құрылықпен баруға батылдығы жетпеді, ол осыған дейін жіберілген қолбасшы Феодул тұрып жатқан Одисса қаласына салмен аттанды
Достарыңызбен бөлісу: |