Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет20/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
22 
Педагогикалық әдебиеттерде «қолданбалы есеп» ұғымы әр түрлі анықталады. 
Кӛптеген ғалымдар (Г.Г. Маслова, Нгуен Ван Чанг, Л.Н. Тихонов, С.С. Варданян, Г.М. 
Возняк және т. б.) «қолданбалы есеп - табиғи тілден математикалық тілге аударуды қажет 
ететін есеп, - деп санайды. Я. А.Король, Н. Ғайбуллаев, Г. М. Морозов және т. б. сияқты 
басқа ғалымдар «қолданбалы есеп ӛзінің қойылымы мен шешу әдістері бойынша 
практикада туындайтын есептерге жақын болуы керек», - деп есептеді. 
Н.А. Зеленина мен М.В. Крутихинаның пікірінше, «қолданбалы есеп деп 
проблемалық түрде тұжырымдалған және келесі шарттарды қанағаттандыратын сюжеттік 
есепті түсінеді: сұрақ практикада қойылатын түрде қойылуы керек (шешімнің 
практикалық маңызы бар); барлық шамалар нақты ӛмірден алынған болуы керек» [2]. 
Қолданбалы есеп - математикадан тыс қойылған және математикалық әдістермен 
шешілетін есеп. 
Қолданбалы есептерді шешу әдістемесіне Ю.М. Калягин, В. В. Фирсов, Л. М. 
Фридман және т. б. [1, 7-бет] кӛп кӛңіл бӛлген. «Қолданбалы есептерді шешу бірнеше 
кезеңнен тұрады. Олар: рәсімдеу (формализация), іске асыру және есептің алғашқы 
мазмұнына кӛшу (интерпретация). Математикада есеппен жұмыс істеудің келесі 
принциптері ажыратылады: есептерді шешуде практикалық әдістерді қолдану: іздеу, 
анықтамалық әдебиеттерді, дидактикалық материалдарды пайдалану, зерттеу және т.б. 
Есепті шешудің әртүрлі тәсілдерін қарастыру және ең жақсы нұсқаны таңдау. Қолданбалы 
есептерді шешудің әр кезеңінде білім алушыларды оқыту. Оқу мақсаттары мен 
талаптарына сәйкес тапсырманы ӛңдеу. Сонымен, егер қолданбалы есептер дұрыс 
таңдалса, математиканы оқытудың қолданбалы бағытын күшейтудің негізгі құралы - 
есептер болып табылады» [1, 11-бет]. 
Бүгінгі таңда математиканы оқыту процесінде қолданбалы бағытты жүзеге асыру 
үшін байыпты жұмыс істеу керек, ӛйткені оқытудың қолданбалы бағыты білім 
алушылардың танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Оқу процесінде 
математиканың қолданбалы бағытын жүзеге асыру үшін кӛптеген мысалдарды, есептерді, 
оқыту әдістері мен құралдарын сұрыптап, олардың ішінен ең оңтайлысын таңдау керек. 
Сондай-ақ, қазіргі заманғы зерттеулер математиканың қолданбалы бағытын күшейтуге 
оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ықпал ететінін кӛрсетіп отыр. 
Математикадағы қолданбалы есептерге негізгі талаптардан басқа бірқатар 
қосымша талаптар да қойылады: материалдың қол жетімділігі; қолданбалы сипаттағы 
есептердің оқушыларға танымдық құндылығы; есептерде нақты шамаларды, жағдайларды 
пайдалану [3]. 
Бүгінгі таңда қолданбалы есептерге деген қызығушылық артып келе жатқанын атап 
ӛткен жӛн. Қолданбалы есептерге деген қызығушылықтың артуы олардың 11-сыныпта 
Ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) енгізілуіне байланысты болып отыр. 
Математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептер үлкен маңызға ие. Мектеп 
математика курсында қолданбалы есептер қандай орын алады және қандай рӛл атқарады? 
Бұл сұраққа жауап беру үшін олардың функцияларына тоқталу керек. Л.В. Виноградова ӛз 
кітабында қолданбалы тапсырмалардың үш негізгі функциясын (қызметін) ажыратады: 
1)
Оқыту функциясы. Бұл функцияның үлкен артықшылығы - оны сабақтың 
барлық кезеңдерінде қолдануға болады. 
2)
Тәрбиелік функциясы. Бұл оқушының кӛзқарасының кеңеюіне, сондай-ақ 
ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді. 
3)
Даму функциясы. Бұл қолданбалы тапсырмалар балаларды теориялық білімді іс 
жүзінде қолдануға үйретеді [4]. 
Математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептердің рӛлі орасан зор. Ең 
алдымен, қолданбалы есептер математикалық білімді практикалық қолданудың барлық 
алуан түрлілігін ашады. Сондай-ақ, қолданбалы есептерді шешу бұрын зерттелген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет