Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


функционалдық сауаттылығы - қолданбалы білім негізінде ӛмірдің



Pdf көрінісі
бет22/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

функционалдық сауаттылығы - қолданбалы білім негізінде ӛмірдің 
әр тҥрлі саласындағы практикалық есептерді шешу қабілеті. 
Практикалық мәселелерді шешуде оқушылардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, 
мектеп практикасында функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды қолдану 
арқасында PISA халықаралық зерттеуге дайындық жаңа деңгейге кӛтеріледі. 
Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар қолдабалы есептер. Сондықтан бұл 
жұмыс яғни қолданбалы есептерді шығару мектеп математикасы курсына оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесін шешуге де ықпал етеді. 
Функционалдық сауаттылық адамның іс-әрекетінде кӛрінетіні мәлім. Іс-әрекет 
(белсенділік) - бұл «адамның қоршаған әлемге, басқа адамдарға, ӛмір алдына қойған 
міндеттерге қатынасы жүзеге асырылатын процесс. Адамның субъект ретіндегі іс-әрекеті 
оның практикалық және теориялық іс-әрекеті болып табылады» [6, 256-257 б.]. 
Адам іс-әрекетінің құрылымы жеке тұлғаның қасиеттерімен жақсы байланысты. 
Ю. Г. Фокин іс-әрекеттің құрылымын былай сипаттайды: 
-
қажеттілікті түсіну; 
-
мотивті қалыптастыру; 
-
іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілін таңдау; 
-
іс-әрекетті жоспарлау; 
-
іс-әрекеттер тізімі; 
-
іс-әрекеттерді орындау. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
24 
Іс-әрекеттерді орындау «белгілі бір іс-әрекеттің мақсатына жету және осы әрекетті 
дұрыс орындау үшін операцияларды саналы түрде таңдау мүмкіндігін анықтайтын білім 
жиынтығынсыз мүмкін емес. Операцияларды орындау үшін субъект белгілі бір 
дағдыларды қажет етеді» [7, 103-107 б.]. 
Сондықтан да математиканы оқыту процесінде оқушыларға қолданбалы есептер 
шығару дағдыларын қалыптастыруға үлкен мән беру керек. Оқушылар сабақта алған 
математикалық білімдерін практикада, нақты ӛмірде пайдалану дағдыларын үнемі 
жаттықтырып отыру қажет. Сондықтан, әр сабақта оқушыларға практикалық мазмұнды 
есептер ұсынылады. Осындай есептерді шеше отырып, оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығы, белсенділігі артады, математикалық дағдылары қалыптасады. 
Қазіргі педагогика математикалық білім берудің үш мақсатын кӛрcетеді. 
Біріншісі - жалпы білім беру. Математикасыз бірқатар басқа пәндерді түсіну 
мүмкін емес, университетте кӛптеген мамандықтар бойынша білім алуды жалғастыру да 
мүмкін емес. Сонымен қатар, математикалық білімнің ӛзегі ұзақ уақыт бойы 
жалпыадамзаттық мәдени құндылыққа айналды. 
Екінші мақсат - қолданбалы. Оқушы, әдетте, не істейтінін әлі білмейді, сондықтан 
мұғалімнің бір нақты мүмкіндігі бар - балаларға кез-келген нақты процестерді 
математикалық модельдеуге үйрету. 
Үшінші мақсат – тәрбиелік. Математика логикалық, кеңістіктік және алгоритмдік 
ойлауды дамытады; еңбекқорлық, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады; 
ойдың сұлулығын бағалауға үйретеді, әйтпесе ӛмірдегі туындаған проблемаларға, жалпы 
ӛмірге жаңа кӛзқараспен басқаша қарайды [3, 8 б.]. 
Математиканы оқытудың қолданбалы бағыты аталған барлық үш мақсатпен 
байланысты: 

жалпы білім беру (басқа пәндерді оқыту оңайырақ болады); 

қолданбалы (болашақ маман мектепте қолданбалы математикалық 
зерттеудің қажетті дағдыларын алады); 

тәрбиелік (әлем біртұтас және басқа ғылымдармен бірлестікте, математика 
оқушыда ғылыми негіздерді қалыптастырады). 
Сонымен, математиканы оқытуда қолданбалы есептердің рӛлі айқындалды және 
жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының қолданбалы есептерді шығару 
қажеттілігі негізделді. Қолданбалы есептерді әртүрлі дидактикалық мақсаттарда 
қолдануға болатыны кӛрсетілді. Қолданбалы есептер: 
1)
оқушыларды ынталандырады; 
2)
математиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіндіреді; 
3)
оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және зейінін дамытуға 
ықпал етеді; 
4)
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет