Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет96/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
94 
мен косинусы; 3-ӛлшемді фигуралар-призма; векторлар; геометриялық фигуралармен 
жұмыс- фигураларды түрлендіру;айналу денелері, бүйір бетінің ауданы,нүктелердің 
геометриялық орны) 
Статистика және ықтималдықтар теориясы - 
берілген шамалармен жұмыс 
(кестелермен жұмыс, диаграммалармен жұмыс, ықтималдықтар теориясы: тәуелді және 
тәуелсіз шамалар, ықтималдық ағашы-оқиғаның мүмкін мәндерінің жіктелуі, берілген 
шамаларды салыстыру және анализ жасау) 
Математикалық модельдеу және анализ - 
математикалық модель жасау, 
функцияны зерттеу, интегралдау, дифференциалдық теңдеулер шешу, қолданбалы 
есептерді шешу. 
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі оқу мақсаттары оқушының жас 
ерекшелігіне сәйкес дамуына негізделген, спираль әдісімен құрылған. Ұзақ мерзімді 
жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу тоқсандарында оқытылатын бӛлімдер 
мен тақырыптарды және оқу сағаттарын анықтайды. Математика пәнін оқытуда барлық 
сыныптарда әрбір оқу тоқсанында 2 немесе 3 бӛлім қарастырылады. Әр пәннің ӛз тілдік 
стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің 
мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс 
істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал.Пәнді оқытуда тілдік мақсаттар 
ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың ӛздерінен не 
күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай- 
ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, 
ӛлшеуге және қолдауға кӛмектеседі. Оқушылар тілдік дағдының тӛртеуін де түрлі 
әрекеттерде 
(мысалы, 
оқылым-тыңдалым, 
оқылым-жазылым, 
оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданады. 
Орта мерзімді жоспарда осыған дейін меңгерілген білім туралы мағлұмат және 
қарастырылатын жаңа бӛлім мәнмәтіні айқындалады.Және де бӛлім бойынша оқу 
мақсаттары, оқытудың тілдік мақсаттары, бӛлім бойынша лексика мен терминалогия, 
диалогқа/жазылымға қажетті тіркестерарқылы ақпараттар алдын ала беріледі.Соңында 
бӛлімге қысқаша шолу жасалады. 
Орта мерзімді оқу жоспарында бӛлім атауы, сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ 
кезеңдерінде жасалатын іс-әрекеттер, қолданылатын оқыту стратегиялары және қажетті 
ресурстардың электронды оқу платформалары арқылы оқытуды тиімді жоспарлауға 
методикалық кӛмек қамтамасыз етілген. 
Пән мұғалімдерінің параллель және горизонталь бірлесе жоспарлауы арқылы қысқа 
мерзімді жоспарда сабақтың кезеңдерінде орындалатын іс-әрекеттер: активити, жаңа 
білімді игеру, оқушыларға қажетті дағдыларды игертуге бағытталған сараланған 
тапсырмаларжәне оларды дескрипторлар арқылы бағалау, оқу мақсатын игеруді бағалау 
үшін сабақ соңында формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.Бағдарламаны жүзеге 
асыруда оқушының жоғары деңгейлі ойлау дағдыларынжүзеге асыру үшін білім ауқымын 
азайтып,яғни сабақ тақырыбын оқу мақсаттарына бӛліп тастау арқылы оның тереңдігіне 
мән беруге назар аударылады.Оқу бағдарламасында білімді тәжірибемен байланыстыру, 
басқа пәндермен (физика, биология, химия) интеграциялау арқылы оқыту қарастырылған. 
Оқушыларды оқуға дағдыландыру үшін дайындалған аса мазмұнды 7-9 сыныптардағы 
«Математика» оқулығы оқушылардың ақпаратты іздеп табуына, зерттеу арқылы білім 
алуына кӛмегін тигізуде. Бағдарламада алынған білімді практида қолдану, яғни 
функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалармен жасақталған. 
Математиканың теорияларын қолданбалы есептер арқылы оқыту пәннің мазмұнын 
барынша айқындайды.Білім алушыларымыз әлемдегі ең озық оқу бағдарламасы деп 
танылған IGCSE, A-Level стандарттарының тапсырмаларын оқып-үйренуде. Статистика 
мен ықтималдықтар теориясы бӛлімінің кеңінен оқытылуы бағдарламаның ерекше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет