Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 93
Using numeric functions Annotation In the research paper, the functions under consideration change abruptly and have only
integers, regardless of the method of changing the argument. In some cases, the scope of the
argument can be either integers, or in another case, a real number. In this research paper, we
consider the most important numerical functions that are widely used in the branches of
mathematics.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.
Курош А.Г. Курс высшей алгебры. Изд. 10-е. М., 1971.
2.
Куликов Л.Я. Алгебра и теория чисел. М., 1979.
3.
Сексенбаев Қ., Жетпісов Қ. Жоғарғы алгебра. І – бӛлім, ҚарМУ
4.
баспасы: 2001.
5.
Сексенбаев Қ., Жетпісов Қ. Жоғарғы алгебра. ІІ– бӛлім, ҚарМУ
баспасы: 2001.
ГРНТИ 27.01.45
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ИЖАНОВА ЖАНАТ ОҚАПҚЫЗЫ Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің модератор мҧғалімі. Қазақстанның орта мектептерінде 1-4 және 5-6 сыныптарда оқытылатын
«Математика» пәні 7 сыныптан бастап «Алгебра» және «Геометрия» деп екі пән боп
оқытылады. Бұл екі пәннің ӛз бағдарламасы,оқыту әдістемесі және ӛз оқулықтары мен оқу
құралдары бар. Оқушының жоғарыда аталған екі пәннен оқу үлгірімі жеке-жеке
бағаланады. Бір күнгі сабақ кестесіне осы екі пән қатар қойылмайды. Орта мектепте
мұғалім болған кезімде«осы екі пәнді ғылым негізі бір бола тұра неге бӛлек оқытамыз?»
деген сұрақ тұратын ойымда. Мүмкін математиканы оқытудың бір әдістемесі ретінде
солай жасалған болуы мүмкін.
Жаһандану заманында әлемдік білім беру кеңістігіне ену білім беру саласына ӛзге-
рістер қажет екендігін кӛрсетті. Елімізде білім беру саласында жаңа бағдарламалармен
оқыту, оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу, білім беру нәтижесінжаңаша
бағалауды енгізу Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бастау алды. Назарбаев Зияткерлік
мектептерінде Кембридж Университеті емтихандық кеңесі мақұлдаған Математика пәні
үшін 7-12 сыныпқа арналған білім беру бағдарламалары дайындалды.
Бұл бағдарлама бес бӛлімнен тұрады:
Сандар – сандарға амалдар қолдану (бүтін сандар, дәреже және түбір, сан
тізбектері, прогрессиялар, процентке берілген есептер, дӛңгелектеу және иррационал
сандар);
Алгебра – алгебралық ӛрнектер,формулалар, сызықтық және квадраттық
теңдеулер, теңбе-теңдіктер, функциялар, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер, сызықтық
теңдеулер графиктері, графиктік мәліметтерімен жұмыс;
Геометрия – фигуралар, аудандар және кӛлемдер (геометриялық фигуралардың
қасиеттері: үшбұрыштар, тӛртбұрыштар, шеңберлер, тригонометрия, бұрыштың синусы