Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
134
меңгереді. Геометрия курсында кәсіптік тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану теория мен
практиканы байланыстыруға мүмкіндік береді, мәселені тереңірек меңгеруге ықпал етеді,
математикаға ғылым ретінде және кәсіби маңызды пән ретінде қызығушылықты дамытуға
ықпал етеді. Геометрияны оқытуда тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды қолдану және
оларды жинақтау әдістері жеткілікті түрде әзірленбеген.
Сондықтан, мұндай тапсырмаларды құрастырып, олардың геометрия курсында
оқытудың жолын қарастыру қажет. Себебі, практикалық мазмұндағы есептерді шешу
математиканы жүйелі оқытуды жүзеге асырудың бір түрі болып табылады.
Әр түрлі сабақтарды модельдеу үшін заманауи ақпараттық технологиялардың
барлық спектрін сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық тұста қолдану, оқытудың
оңтайлы ұйымдастырушылық формаларын, математикалық білім берудің әдістері мен
құралдарын оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдауды жүзеге асыру.
Заманауи ақпараттық технологияларды игеру болашақ мұғалімге білім беру
мақсаттарын жүзеге асыруға, математиканы оқытудың тиімді жаңа модельдерін енгізуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: