Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 156
Күрделі мәселе: бұл мектеп бағдарламасы, кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру
және мектеп оқулықтары», - деп атап ӛтті [1].
Осы міндеттер тұрғысынан алғанда пәндерді кіріктіре оқыту маңызды болып
табылады.
Математика жаратылыстану ғылымдарына жатпайды, бірақ олардың мазмұнын
нақты тұжырымдау үшін де, жаңа нәтижелер алу үшін де оларда кеңінен қолданылады.
Математика – басқа ғылымдарды тілдік құралдармен қамтамасыз ететін іргелі ғылым.
Жаратылыстану ғылымдарының кӛзқарасы – қоршаған дүниедегі объективті
байланыстарды кӛрсететін белгілі бір мәселеге кӛзқарас болып табылады.
Жаратылыстану-табиғатты
жан
жақты,әрі
біртұтас
зерттейтін
жаратылыстану
ғылымдарының жиынтығы. Кіріктірілген оқыту:
1)
оқушылардың ғылыми ойлау стилінің дамуына ықпал етеді;
2)
білім алушылардың кеңінен қолдануына мүмкіндік туғызады;
3)
біртұтас оқу пәндеріне кешенді кӛзқарасты қалыптастырады;
4)
оқушылардың
жаратылыстану-математикалық
цикл
пәндеріне
деген
қызығушылығын арттырады және дамытады;
5)
білім алушыларда ғылым негіздері туралы жалпы түсініктерді қалыптастырады;
6)
оқушыларда оқулықта ұсынылғанмен салыстырғанда күрделірек нәрселерді
түсініп оқи алатындығына сенім артады;
7)
білім алушыларға жеке компьютерлік бағдарламаларын (интеграция негізінде
жасалған) одан әрі оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік береді;
Жалпы кез келген сатыдағы білім алушылардың ой-ӛрісін кеңейтеді,
шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді, математика мен жаратылыстану
пәндерінің негізгі курсының бағдарламалық материалын жаңа жағдайда білім, дағдыны
қолдану деңгейінде жақсы түсінуге және меңгеруге кӛмектеседі.
Математиканы жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктре оқыту
математиканы оқытудың қолданбалы бағытына жетудің маңызды құралы болып
табылады. Сонымен қатар, аттас ұғымдардың (векторлар, координаталар, графиктер мен
функциялар, теңдеулер және т.б.) математикада және сабақтас пәндерде де зерттелетініне
және шамалар арасындағы тәуелділікті ӛрнектейтін математикалық белгілеулердің
(формулалар, графиктер, кестелер, теңдеулер, теңсіздіктер) қолданылуына мүмкіндік
береді. Білім мен әдістердің әртүрлі оқу пәндеріне осылайша ӛзара енуі қолданбалы мәнге
ие болып қана қоймай, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады.
Химиялық және химиялық-технологиялық мәселелерді шешуде математика
әдістерін қолдану ең құнды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, оған басқа
жолдармен қол жеткізу мүмкін емес. Математика мен химияның бір қатар салалары ӛзара
байланыста болады. Әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін элементтердің байланысы
тәуелділік арқылы ӛрнектелетіні белгілі. Мысалы: тура пропорционалдық тәуелділік у=кх
заттың мӛлшері мен химиялық реакция кезінде бӛлінетін немесе жұтылатын жылу
энергиясының арасындағы байланысты есептеуге пайдаланады. Негізгі буында
процент,пропорция ұғымының анықтамасы беріледі. Осы ұғымды пайдаланып оқушылар
әртүрлі химиялық есептер шығарады.
Математика мен химияны кіріктіре оқыту барысында оқушыға білімі мен
біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар:
1.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі, теңдеулер жүйесінің шешімі,
теңдеулер жүйесін шешу, теңдеулер жүйесін шешудің негізгі тәсілдерін білу дағдыларын
қалыптастыру;
2.
Ерітіндіге, қоспаға, құймаларға берілген есептерді шешуге және т.с.с.
есептеулерге теңдеулер жүйесін қолдану біліктіліктерін дамыту.