Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет201/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
187 
Қазіргі білім беруде білімді трансформациялау, проблемалық, әртүрлі деңгейлік, 
бейімдік, ақпараттық, модульдік оқыту және т.б. технологиялар қолданылады. Осы орайда 
мұғалімнің басты мақсаты – сапалы білім мен тәрбие беру, бәсекелестікке қабілетті заман 
талабына сай ертеңгі күннің азаматын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін, сабақты 
қалайда сапалы және қызықты етіп ӛткізу үшін мұғалім инновациялық әдіс - тәсілдерді 
күнделікті сабақтарында әрдайым тиімді қолданып отыруы керек [3]. 
Зерттеу әдіснамасы
. Оқушы қызметін белсендендіру негізінде педагогикалық 
технологияларының бірі - деңгейлік саралау технологиясының элементін математика 
сабақтарында қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының ӛзіндік ықпалы зор. 
Оқушыларға ӛзіндік жұмысын ұйымдастырып ӛткізуге кӛмегін тигізеді. Оқушылар ӛзіндік 
жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы ӛздері бағалап, 
диагностикалауға қол жеткізеді. 
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша ӛзгерген 
мақсатпен оқушылардың ӛздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. 
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және ӛз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне баса назар аударылады [4]. 
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Бұл технологияның мақсаты: 
әрбір оқушы ӛзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Сабақ 
ӛткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабақта қолдану 
тиімді. Кӛбінесе мына жағдайларға кӛңіл бӛлу керек: 
1)
сабақтың мазмұны; 
2)
сабақты ӛткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау; 
3)
сабақтың нәтижелігі. 
Жалпы оқытудағы ең басты мәселе оқушыларды ӛз бетімен жұмыс жасауға 
тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік 
тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады, ӛйткені ол оқушының ойлауын, 
елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз 
етеді. 
Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын ӛткізу 
оқушыларды ӛз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. 
Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сӛзжұмбақтарды шешу үшін ӛтілген материалды 
үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы 
артып, олардың шығармашылық ой-ӛрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі. 
Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-ӛрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі 
шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен 
ӛзгерістердің атын есте сақтауға кӛмектеседі. Ең бастысы ойындар оқушылардың кӛңілін 
ӛз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып 
бӛлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады. Сыныптардағы математика 
сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді 
шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп 
қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл 
оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сӛзсіз; екіншіден оқулықта берілген 
материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы 
меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, 
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, тӛртіншіден, оқушылар 
шығармашыл ойлауға дағдыланады. 
К.Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы 
эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет