Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет222/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
205 
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси 
және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі 
заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай 
үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына 
байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан ӛзгергенін, тұлғаға қойылатын 
талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гӛрі белгілі бір қоғамда ӛмір сүруге 
қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, 
қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі ӛріс алып отырған түрлі бағыттағы 
дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының ӛзгеруі нәтижесінде 
функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. 
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту 
үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі 
нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық 
сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр. 
Жай сауаттылық - адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым 
арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы 
ортамен қарым - қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы 
мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің кӛрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада ӛмір сүруі үшін қажетті деп саналатын 
және оның әлеуметтік қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік 
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының 
мәдени және әлеуметтік дамуының ӛлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан 
қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде 
қолданылады. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында 
қалыптасады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – 
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез 
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш 
сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы ӛткен ғасырдың 60 - жылдары ЮНЕСКО 
құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық 
– білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез 
ӛзгермелі әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ ӛмір бойы білім алуына 
ықпал ететін базалық фактор. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 
пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. 
Бүгінгі күнде функционалдық сауаттылық туралы кӛп айтылады. Бұл орынды: әлем 
жыл сайын жаңа ақпаратқа толы болады, ал балаларды оны үйрету керек. Егер бұрын 
бастауыш сынып оқушысының жетістігінің негізгі кӛрсеткіштерінің бірі оның оқу 
жылдамдығы болса, қазір мұғалімдер оқу сапасы, оның мағынасы сияқты параметрлерді 
басшылыққа алады. Мұның бәрі функционалдық сауаттылыққа тікелей байланысты. 
Бүгінде мемлекетте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға 
сұраныс бар: Қазақстан PISA немесе PIRLS сияқты мектептегі білім берудің халықаралық 
рейтингтеріне түсуге ұмтылуда. Алайда, мектеп оқушыларын функционалдық 
сауаттылыққа жүйелі оқытудың тетігі жоқ - тек мұғалімге тапсырмаларды ӛзі ойлап 
табуға шақырылатын баспа құралдары бар. 
Функционалдық сауаттылық - бұл мектепте алған білімдерін күнделікті 
тапсырмаларды орындау үшін қолдану мүмкіндігі. Оқуда сәтті болу үшін бала ең алдымен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет