Математикалық сауаттылық
-
математиканың әлемдегі рӛлін анықтау және түсіну;
-
әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
-
дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
-
есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, ӛзін-ӛзі тексеру, ӛмірмен
байланыстыру;
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
207
-
математикалық білімді ӛмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде
еркін қолдану.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық
құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:
-
білу (еске түсіру);
-
қолдану (байланыстарды орнату);
-
ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру,
математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы ӛмірде пайда болған
мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен
біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті ӛмірлерінде:
-
қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш
құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
-
ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
-
нақты байланыстарды функцияның кӛмегімен суреттеу және зерттеу, оларды
график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
-
геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы
есептерді шешу;
-
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық
мәліметтерді танып білу, талдау;
-
оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым
тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
-
шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және кӛлемдерін есептеу».
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):
Білу
(еске түсіру):
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен
кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық
объектілерді танып білу.
Қолдану
(байланыстарды орнату):
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және кӛрсету;
модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.
Ойлау
(пайымдау, тұжырымдау):
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі
шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес
есептерді шешу.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма математиканың мазмұнды
бӛлімдерінің біріне сәйкес келеді:
-
сандар;
-
кеңістік және форма;
-
ӛзгерістер мен қатынастар;
-
белгісіздік
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA есептерін
қолданудың тиімділігі:
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты ӛмірлік мәселелерге
жақын, қоршаған ӛмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және ӛз шешімдері үшін
математикалық талдауды талап ететін, мектептің ӛмірі, қоғам, оқушының жеке ӛмірі,
кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.
|