материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 218
Теориялық материалды бекіту үшін ұсынылған цифрлық білім беру ресурстары
әртүрлі форматтағы бақылау және тест тапсырмаларын алуға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, цифрлық білім беру ресурсы бұған қосымша оқу материалын игеруді бақылау мен
ӛзін-ӛзі бақылауды қамтамасыз ете алатындығы кӛрсетілген. Әзірленген цифрлық білім
беру ресурстарының кӛмегімен мұғалім мен білім алушылар үшін қызықты, тартымды
сабақ ӛткізуге болады.
ЖОО –да цифрлық білім беру ресурстарын қолдануды меңгерген білім алушылар
болашақта кәсіби маман, әдіскер мұғалім ретінде кӛзге түседі. Инновациялық
технологияларды меңгерген маман ӛз кәсібін сүйеді, физикалық білімдерін түрлі әдіс –
тәсілдермен үйрете отырып, тиімді бағалай алады. Мұнда айтылған бағыттардың барлығы
болашақ мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігін қамтиды. Яғни, цифрлық білім беру
ресурстарын базалық деңгейде пайдалануға ЖОО-да үйрету арқылы болашақ
мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін арттыруға болады.
Физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы болашақ мҧғалімдердің әдістемелік қҧзыреттілігін дамыту Аңдатпа Бұл мақалада физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың
болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуға әсері қарастырылған.
Цифрлық білім беру ресурстары физика мұғалімінің кәсіби ӛсуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім ӛз қызметінде кӛбірек ақпарат, түрлі әдістер мен құралдарды қолданса, соғұрлым
оның жұмысы нәтижелі болады. Сабақтарды тиімді ұйымдастыра білетін, шебер
мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігі жоғары деуге болады. ЖОО-да физиканы оқытуда
цифрлық білім беру ресурстарын қолдану физика курсының «эксперименттік» бӛлігін
толықтыруға және сабақтың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Кілт сӛздер: Цифрлық білім беру ресурстары, әдістемелік құзыреттілік, физиканы
оқыту, инновациялық педагогикалық технологиялар.