Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет304/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
283 
әртүрлі мақсаттарда қолданылған. Үшбұрыш арқылы түсіндіру, тікбұрышты 
үшбұрыштың қабырғалары арасындағы қатынас арқылы анықталады және ӛзінің ӛлшеу 
әдістерін ежелгі Вавилондықтар мен Мысырлықтардан алған.Шеңбер арқылы түсіндіру 
болса, хордалар мен олармен байланысты доғаларға негізделген және әдістерін Гректердің 
жұмақтың ӛлшемдері туралы есептеулері мен түсініктерінен туған. Қазіргі таңда, 
педагогикадағы ең кӛп таралған тригонометрия және кері тригонометрия функциясын 
оқыту әдістері – осы үшбұрыш арқылы және шеңбер арқылы оқыту әдістері. Бірақ 1998 
жылғы зерттеуде«Жаңа математика» қозғалысы бұл әдістерді тиімсіз деп есептейді. 2011 
жылғы зерттеуде Хертель бағытталған ұзындық ұғымын пайдаланып, оқушылардың тест 
нәтижелерінде статистикалық маңызды нәтижелерге қол жеткізді. 
Ертаева С. 2020 жылғы зерттеуінде[2] Кері тригонометриялық функциялар 
электрондық есептеу құралдарын қолданудың ӛзектілігі туралы айтады. 
Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялар тақырыбы ӛте 
маңызды тақырып себебі алда зерттелетін тригонометриялық теңдеулер мен 
теңсіздіктерді шешу үшін қажетті фундаметті құрайды. Сол себепті тригонометриялық 
және кері тригонометриялық функцияларды зерттеу элементар математика курсындағы ең 
маңызды бӛлімдерінің бірі болып анықталады. 
Тригонометрия тақырыбы – элементар математиканың басқа тақырыптарымен 
салыстырғанда орта мектеп оқушыларының түсінуіне ең қиын тақырыптардың бірі екені 
белгілі. Сондықтан, математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда тригонометриялық 
және кері тригонометриялық функцияларды зерттеу әдістемесін құру және зерттеу ӛзекті 
мәселелердің бірі болып табылады. 
Тақырыптың мақсаты 
- орта мектептерде тригонометриялық және кері 
тригонометриялық функцияларды оқыту әдістемелерін жаңарту, тригонометрияны 
түсіндірудегі жаңа ақпараттық және электрондық технологияларды қолданып, 
оқушылардың математикалық түйсіктерін дамыту. 
Тақырыптың міндеті - 
педагогикалық эксперимент жүргізіліп, нәтижелеріне 
талдау жасалып, ғылыми-зерттеу жұмысын орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет