МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ ХАСАНОВА АЙНҦР ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Жаратылыстану институты, « Физика және математика » кафедрасының магистранты, Қызылорда, Қазақстан ҚАСҚАТАЕВА БАҚЫТКҤЛ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.д., Қызылорда, Қазақстан Математиканы оқытуда мәтіндік есептерді шешу маңызды орын алады. Есептерді
шеше отырып, оқушылар жаңа математикалық білім алады, практикалық қызметке
дайындалады. Мәтіндік есептер оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Демек, мәтіндік есептерді оқушылардың әртүрлі тәсілдермен шеше білуі маңызды.
Мәтіндік есептерді шешуге оқыту әдістемесін Ю.М. Колягин, Д. Пойа, А. А.
Столяр және басқалар әзірлеген. Кез-келген есептің мәтіні шарттар (берілгені) мен
талаптардан (табу керегінен) тұрады [1-3]. Әдістемелік
ә дебиетте мәтіндік есептерді
жіктеудің әртүрлі тәсілдері бар.
Мәтіндік есептер берілген шарттары бойынша: анықталған, толық анықталмаған,
артық анықталған болып жіктеледі.
1)
Анықталған - белгілі бір есепті шешу үшін қажетті және жеткілікті шарттар
берілген. «Мысал. Асқардың 26 маркасы болды. Туған күніне оған 12 марка берілді. Асқар
неше маркаға ие болды?
2)
Толық анықталмаған - есепті шешу үшін берілген шарты жеткіліксіз;
Мысал. Қонақтар «Апалы-сіңілдердің жасын сұрады»: үш апалы-сіңілдердің
әрқайсысы қанша жаста болды? Айнұр: «Менімен Нұргүлдің жасын қосқанда 28, Нұргүл
мен Жайнагүлдің жастарын қосқанда 23», - деп жауап берді. Әрқайсысы неше жаста?
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының