Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет37/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
38 
қолданылатын ӛлшеу құралдардың сипаттамасы берілмейді. Бұл мәселені шешу 
мақсатында физика пәні мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасында білім алушыларды 
ӛлшеу, ӛлшеу әдістері, ӛлшеу құралдарының жұмыс жасау принципін, ӛлшеу нәтижелерін 
ӛңдеу әдістерін меңгерту мақсатында арнайы элективті курс оқытылады. Сонымен қатар, 
зертханада білім алушыларға ӛлшеу құралының жүйесі, дәлдік класы қандай екені 
кӛрсетілген ӛлшеу құралдардың нұсқаулықтар болады. 
Оқытушының рұқсатымен білім алушы ӛлшеу құралдарын тексеріп, қондырғыны 
құрастырып, жұмыстың мазмұнына сәйкес қарастырылып отырған зерттеу жұмысын 
орындауға кіріседі. Ӛлшеу жүргізбес бұрын білім алушылар ӛлшеу құралдарының нӛльдік 
кӛрсеткішін тексеріп, шкалалардағы бӛлік құнын анықтауы тиіс. Зертхана жұмысын 
жүргізу барысында білім алушының ӛлшеу икемділігін, дағдысын дұрыс қалыптастыруда 
біршама кӛмек кӛрсетіп отыру керек. Ӛлшеу жүргізу кезінде ӛлшеу құралының 
кӛрсеткішін жарық болатындай етіп орналастыруды немесе ӛлшеу кӛрсеткішін 
смартфонға суретке түсіріп, анықтап кӛру, екі бірдей шама, бір мезгілде ӛзгеретін 
жағдайда мүмкіндігінше бір қатарға орналастыру, құрал-жабдықтарды ыңғайлы 
орналастыру, т.с.с. білім алушының ӛлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыратын 
ақыл-кеңестерді беріп отыру керек. 
Ӛлшеу нәтижелерін ӛңдеу де ӛлшеу жүргізу кезіндегідей ӛте маңызды кезең. 
Ӛлшеуден алынған нәтижелер физикалық заңдар мен физикалық сипаттамалардың сандық 
мәнін байланыстыратын математикалық формулалар түрінде кӛрсетіледі. Сондықтан 
қандай да бір ӛлшеуді жүргізе отырып, білім алушы әртүрлі шамаларды анықтауда 
теориямен эксперименттің сәйкестігін сауатты сәйкестендіре алуын қадағалау керек. 
Егер зертханалық жұмыста бір-біріне байланысты шамалардың арасындағы 
тәуелділік зерттелетін болса, осы байланысты білім алушы график түрінде кӛрсетуі тиіс. 
Зертхана жұмысын жасап болғаннан соң жұмыс толығымен рәсімделіп, есеп жасалынады. 
Әрбір білім алушының зертхана сабағына арналған дәптері болуы керек. Олар ӛздерінің 
зертхана дәптерлеріне барлық ӛлшенетін шамалардың ӛлшеу нәтижелерін түсірген 
жазбаларын және ӛлшеу нәтижелерінің қателерін жазып отыруы керек. Бұл білім 
алушылардың ӛлшеу нәтижелерін бір-бірнен кӛшіріп алуына жол бермейді. 
Қорыта келе, механика курсын оқытуда білім алушылардың ӛлшеу икемділігі мен 
дағдысын қалыптастырудың тиімділігін арттыру зертхана сабағында жаңа мазмұндағы 
зертханалар қосу, виртуаль зертхана жұмыстарын жасату, практика сабағында 
эксперименттік есептер шығарту және т.б. білім сапасын арттыруға әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет