Көрсетілген аумақтағы қалаларда өмір сүретін адамдардың аталған аумақтағы жалпы халыққа шаққандағы пайыздық қатынасы. Бұл көрсеткіш пайыздық қатынаспен беріледі. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28%-ды құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер, қала халқының жалпы саны мүлде басқаша жағдайды: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн адам болса, Үндістанда 321 млн адам. Сонымен салыстырмалы көрсеткіштер ауқымын нақты көрсетеді.
Урбандалудың алғашқы кезеңінде қала халқының үлесі онша жоғары болмайды; қалалар арасынан ең ірісі (әдетте, ел астанасы) басқаларын барлық көрсеткіштер бойынша басып озады. Дамыған урбандалу кезеңінде қала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациялары, ал жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады. Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастаған, яғни субурбандалу (латын. sub - маңында және urbanus - қалалық) жүруде. Біртіндеп осы процесс агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастайды; урбандалудың бұл түрін рурбандалу (ағыл.rural – ауылдық және урбанизация) дейді. Субурбандалу барысында экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауқатты адамдар қала орталығынан қала маңына қоныс аудара бастайды. АҚШ-та агломерация халқының 60%-ы қала маңында тұрады. Әлемдегі аса ірі 10 агломерация қатарына Солтүстік Америка қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк пен Лос Анджелес қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ. АҚШ-пен Канадада контрурбандалу, яғни қалада жұмыс істейтіндердің қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы жүруде, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.