Дегенмен, Батыс Еуропада адамдардың психикалық өмірі туралы түсінікті талап ететін «эмпирикалық» деректердің жинақталуы жалғасып жатты. Рене Декарттың еңбектерінің болашақ әлеуметтік психология үшін негізді маңызы болды. Дене жұмысының принципі – рефлекс, ал жан жұмысының принципі – рефлексия деп мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын аша отырып, ол физиология үшін де, психология үшін де іргетасты болған түсінікті ендірді. ХVI-XVIII ғасыр қалыптасып келе жатқан ғылым үшін өте жемісті болды. Қоғамдық құрылымға деген қызығушылық, түрлі әлеуметтік қабаттарда, түрлі ұлттар мен нәсілдегі адамдар арасындағы өзара әрекет пен өзара қатынас механизмдеріне жауап іздестіру ғылыми түсіндіру мен әлеуметтік-психологиялық талдауды қажет ететін деректердің көптеп жинақталуына әкелді.

ХIХ ғасырда психология өз алдына ғылым ретінде құрылды, соған орай оны құрылымдау мен адам психикасының табиғатын зерттеуге арналған бөлек бағыттарды бөліп көрсетудің алғышарттары пайда болды.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог және этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Әлеуметтік психологияның ірге тасын қалаушылардың бірі – Г.Лебон. Лебон француз буржуазиялық төңкерісінің көптеген феномендеріне әлеуметтік-психологиялық талдау жасады. Соның ішінде ол төңкерістік тобырлар әсеріндегі индивидтің кейбір психикалық процестері мен типологиялық сапаларының өзгерістерін зерттеді.
Олар төмендегідей:
Адамның сенгіштігі өседі; сыншылдығы күрт төмендейді, дәлелдейтін мәліметті талап етуі төмендейді, ал бұл өз кезегінде көптеген, соның ішінде қылмыстық идеяларды да қабылдауға жол ашады.