Усенова А. Ж., Изтаев Ж. Д., Коишибекова Г. А. Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар



бет2/27
Дата28.03.2023
өлшемі186,98 Kb.
#76859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
СӨЖмеетодОЖОжҚ2023жокан(1)

МАЗМҰНЫ




Кіріспе..…………………........................……………...………………………………………...6


СӨЖ №1. Негізгі түсініктер: түйіндер желілер, кабельдік сегмент, желілік сегмент, логикалық желі, қабықша, активтік және пассивтік коммутациялық құрылғылара.Стандарттар шығарулары . Ашық жүйелердегі ұйымдастырудың базалық үлгісі……..…………………………………………………………..……………..9
СӨЖ № 2. Физикалық,каналдық,желілік,транспорттық,сеанстық және қолданбалы деңгейдегі негізгі функциялар ............................…......……………..………...........................11
СӨЖ № 3. Есептеуіш техниканың қысқаша даму тарихы. ......................……………........12 1 модуль бойынша 1 межелік бақылау сұрақтары...................................................................15
СӨЖ № 4. Глобальды желіледің түрлері бөлінген каналдар,коммутациондық каналдармен глобальдық желілер,коммутациондық пакеттермен глобальдық желілер. Internet желілерін ұйымдастыру................................………….…………………………………….…..………....17
СӨЖ № 5. Технологиядағы желілердің дамуындағы перспективалар және тенденциялар. Ақпаратты іздеудің,сақтаудың және өңдеудің заманауи технологияларына және бағдарламалық құрылымдарына шолу.........................................................................……....19
СӨЖ № 6 Желілік операциялық жүйенің құрылымы………………………………..……....21

  1. модуль бойынша 2 межелік бақылау сұрақтары..............................................................24

Тесттік тапсырмалары.................................................................................................................25
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау жүйес..................................64
Ұсынылған әдебиеттер..........…..…………………......................…………………….……….66

Кіріспе
Студенттің өзіндік жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік сілтемелер өзгеріске ұшыраған, өйткені барлық оқыту денгейлері үшін қойылатын талаптар жоғары. СӨЖ сабақтарын жүргізу әдістемесін жетілдіру мамандар дайындаудың өзекті мәселелері болып табылады.
«Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар» курсы бойынша студенттің өзіндік жұмысын өткізу түрлері:
Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтырумен бағаланады (8-10 минут).
Іскерлік ойын – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Есеп шығару - әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
Есептер құрастыру – лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.
Тестілеу - Әр модульдің соңында студенттерге алдын-ала айтылмастан тест алынады.
Дұрыс жауаптарға ең жоғарғы балл -5 балл.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы: уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).
СӨЖ ұйымдастыру үшін:
СӨЖ тапсырмаларын семестр барысында студентке беру;
Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;
СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Студенттерден
а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
б) белгіленген уақытта тапсыруды;
в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттредің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттің:
Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.
Оқу жоспарына сәйкес «Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар» пәнін оқып-үйренген кезде білім алушылар осы пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын (ОСӨЖ) орындауға міндетті.
Жоғары оқу орнында біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда студенттің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. «Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы осы пәнді тереңдете, егжей-тегжейлі оқып-үйрену, студенттерді оқу, ғылыми-техникалық, әдістемелік әдебиетпен, дәрістік конспектілерімен шығармашылық, өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру мақсатымен жүргізіледі.
Өзіндік жұмыстарын орындау үшін студенттер дәріс сабағын, үйге берілген тапсырмалар материалын жақсы меңгеруі және әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.
Студенттердің өзіндік жұмысы негізгі мазмұны дәрістерде берілетін теориялық курстың тиісті бөлімдерін білген кезде ғана тиімді болады. Сондықтан теориялық материалдарды оқып-үйренуге ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Дәріс материалдарын оқып-үйренуі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын тексеруді әдетте лектор жүргізеді. Лектор студенттен дәріс конспектісін талап етуі, дәріс материалдары қаншалықты дәл жазылғандығын, оқулықтармен жұмыс істеуін, ұсынылған әдебиеттен дәріс конспектілерінің толықтырылуын тексеруі мүмкін.
Лектор пәннің белгілі бір бөлімдері бойынша коллоквиум өткізуі мүмкін. Пәннің сипатына байланысты семестр бойында екі коллоквиум белгіленеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын орындауы үшін семестр басында СӨЖ бойынша кеңес беру және студенттердің білімін бақылау кестелері жасалады. Студенттердің білімін бақылау кестесінде СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері көрсетіледі.Әдістемелік нұсқау 4 СӨЖ-ден және 30 ОСӨЖ-ден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет