Усенова А. Ж., Изтаев Ж. Д., Коишибекова Г. А. Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар



бет14/27
Дата28.03.2023
өлшемі186,98 Kb.
#76859
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
3.СӨЖ№4 бойынша есептің мазмұны
1. СӨЖ тапсырмасы.
2. Презентация дайындау.
3. Қорытындылар.
4. Диск.
4. Әдебиеттер (ӘН соңында).
5СӨЖ Технологиядағы желілердің дамуындағы перспективалар және тенденциялар. Ақпаратты іздеудің,сақтаудың және өңдеудің заманауи технологияларына және бағдарламалық құрылымдарына шолу Желілік операциялық жүйенің құрылымы.


Жұмыстың мақсаты: Технологиядағы желілердің дамуындағы перспективалар және тенденциялармен және желілік операциялық жүйенің құрылымымен танысу.


Жұмысқа нұсқау: Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден кұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.
Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет