Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


Key words: aesthetics, song, music, art, emotion, gestures. Didactic material



Pdf көрінісі
бет41/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Key words: aesthetics, song, music, art, emotion, gestures. Didactic material. 
 
Кіріспе. Қазіргі ХХІ ғасыр – жаңа технологияның күрт өсуіне байланысты адамзаттың 
дүние есігін ашуынан бастап қоршаған ортамен етене дамып, өсу процесі сан-алуан тұрғыда 
көрініс тауып жатуының көрінісін байқай аламыз. Смартфонды қолдану да еңбектеген 


баладан еңкейген қарттарымыздың негізгі құралдары іспеттес. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың қызығушылығы да, еңбектеген, сөйлеген сәттен басталатыны, әрбір айтылған 
сөздер мен іс-қимылдар дамып, кейде әдетке не қызығушылыққа айналып жатады. Осы 
тұрғыда балабақшадағы балалардың тәрбиесі мен қызығушылығын дұрыс бағытқа бұрып, 
тәрбиелеудің өзектілігі зор. 
Эстетикалық тәрбиенің ерекше рөлі жайында ертеректе айтылып келеді. Әсіресе 
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің маңыздылығына қатысты педагог, 
психологтардың көзқарастары мен нәтижелі зерттеулері арқау болары сөзсіз. Ал қазіргі кезде 
эстетикалық тәрбиенің бала тәрбиесіне, қабылдауына, жақсыны бойына сіңіру процесі 
маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Бұл мәселені шешу үшін ғылыми принциптен басқа, жалпы 
педагогиканың екінші балама принципі – көркемдік қамтамасыз етілуі керек. Содан кейін 
тәжірибе, эмоциялар, сезімдер арқылы мазмұнды игеру жолы пайда болады. 
Негізгі бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ағылшын тілі сабағында ән мен 
музыка, ойынның тигізер әсері өте маңызды. Балабақшадағы балалардың эмоциялары мен 
сезімдеріне әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірі – музыка. Музыка – халық мәдениетінің бір 
бөлігі іспеттес. Белгілі бір халықтың музыкасын тыңдай отырып, сіз мәдениетпен, өмірмен, 
халықпен, оның дүниетанымымен, дәстүрлерімен тереңірек таныса аласыз. 
Осы орайда атақты чех педагог-гуманисі Я. А. Коменский өз еңбектерінде музыканы 
білмейтін адам сауаттылықты білмейтіндерге ұқсайтынын атап өтсе, ал кеңес психологы 
В.Л. Леви «музыка – сезімдер мен эмоцияларға әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірі, сана 
тереңдігіне енетін күшті психологиялық ынталандыру» екенін тілге тиек етеді. 
Кез-келген музыкалық шығарма белгілі бір эмоциялар тудыратыны мәлім. Жалпы 
эмоция әлемі кең. Демек, эмоциялар кешені әртүрлі комбинацияларда әрекет етеді, 
сондықтан да олар көзге көрінбейді. Музыка адамның тәрбиесіне музыкалық қызметтер 
арқылы әсер етеді. Ал музыкалық қызметтерге: 
– музыка тыңдау; 
– шығармашылық; 
– танымдық іс-әрекеті; 
– музыкалық өнерді белсенді насихаттау кіреді.Бұл әсер рухани және эстетикалық 
тәрбие болып табылады.
Берлин қаласындағы өнер университетінің профессорлері Г. Блелль мен К. Хельвигтің 
айтуынша, "музыка мен өнер мәдени санада із қалдырады, шығармашылықты оятады және 
жеке тілдік реакцияларды тудырады". 
Ән айту, музыканың экспрессивті құралы бола отырып, мектеп жасына дейінгі 
балалармен сабақты қызықты өткізуге көмектесіп қана қоймай, кез-келген жастағы 
студенттердің шет тілін үйренуге деген қызығушылықғының дамуына ықпал етері анық [2, 
8-11]. 
Түпнұсқа материалдары – тіл өкілдерінің өздері жасаған материалдары. Олар көбіне 
шет тілін оқытудың коммуникативті тәсіліне бағытталған, яғни туған тілі ортасынан тыс оқу 
процесінде қолданылады. 
Осындай нақты лингвистикалық және аймақтық материалдарды қолдану сабақ беру 
барысында мектеп жасына дейінгі балалармен анықталады. Ескере кететін маңызды 
алғышарт жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, арнайы таңдалған әндер мен олар үшін жасалған 
жаттығулар дерексіз ойлауды, шығармашылық қиялды, есте сақтауды дамытуға ықпал етеді. 
Сонымен қатар жақсы талғамды қалыптастырады. 
Психолог Г. Гарднер 1983 жылы музыкалық интеллекттің логикалық және 
эмоционалды интеллект сияқты маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. Бұл әннің ми 
мен дененің жұмысын бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Ал, 
Оңтүстік калифорния Университетінің 2016 жылғы зерттеулері бойынша, балалық шақтағы 
әнге, әуенге әсерлену мидың жұмысын жеделдетіп, оқу мен тіл үйрену дағдысына зор ықпал 
етеді екен. Сонымен қатар баланың дамуын жан-жақты қамтып, оның мектепке бейімделу 
дағыдысына да көмектеседі. Ән интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық,қозғалысты, 


тілдік және жалпы сауаттылығын арттырады. Балалардың ерте жастан музыкамен таныс 
болуы дыбыстар мен сөздің мағынасын ұғынуына әсер етеді.
Ағылшын тілі сабақтарында әндер жаңа лексикалық материалды бекіту үшін 
қолданылады. Бұл сабаққа ойын элементін енгізеді және мұғалімге сабақты қызықты 
ұйымдастыруға тигізер көмегі де орасан. Балалар эмоционалды әуенге өте сезімтал келеді, 
сондықтан әнді есте сақтау оңайға түседі [3, 15-19]. 
Дидактикалық материал ретінде әннің бірнеше артықшылықтары бар: 
1. Ғаламтор желісі арқылы қолжетімділік; 
2. Тілдік материалдың саны жағынан кеңдігі мен алуан түрлілігі; 
3. Материалды тұрақты жаңарту. 
Әдебиет бойынша талдау мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілі сабағында ән 
материалын мұғалімдер қандай мақсатпен қолданатындығын көрсетті: 
1. Сәлемдесу және қоштасу үшін; 
2. Фонетикалық жаттығу жасау үшін; 
3. Лексикалық мен грамматикалық материалды неғұрлым берік бекіту үшін; 
4. Сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін дамытуға ынталандыру ретінде; 
5. Балалар шаршаған кезде сабақтың ортасында немесе соңында демалудың бір түрі. 
Ән шет тілін үйренуге ынталандыру ретінде әрекет ете алады. Дұрыс мотивация жасау 
және оқушыларды жағымды күйге келтіруінің маңыздылығы басым болуында. 
Мектеп жасына дейінгі балалар ән айтқанды, билегенді және ойнағанды ұнатады. Олар 
үшін бұл іс-шаралар әлемді танудың табиғи жолдары мен тәсілдері болып табылады. Демек, 
әрбір тыңдалған және шырқалған ән, олар үшін лексикалық бірлік ретінде мәңгі есте қалады 
және жеке тәжірибелермен, эмоциялармен байланыстылығында. 
Мектеп жасына дейінгі балалармен әнді қолдану арқылы қалай жұмыс 
жасайтынымызға тоқталып өтеміз. Біз қозғалыс, ым, мимика арқылы орындалатын әндерді 
айтамыз. Бұл балаларға ерекше жағымды әсер қалдыруы сөзсіз[4]. 
Мысалы, балалардың сүйікті әндерінің бірі – «Неllо, hоw аrе уоu?». Бұл жерде «I’m 
gооd, grеаt, wоndеrful, tirеd, һungrу, nоt sо gооd» сынды өзге де сөздерді жадыларында 
сақтауға, үйренуге септігі зор. 
Келесі ән "Whаt аre yоu doing?». Балалар бұл сұраққа әндегі сөздердің көмегімен дұрыс 
жауап беруді үйренеді: «I am walking/ running/ jumping/ dancing/ breathing/ eating/ drinking/ 
putting on my shoes/ putting on my hat/ saying goodbye». Тағы бір мысал ретінде, «Head, 
shoulders, knees and toes», «One little finger», "Two little eyes", "My teddy bear has..." әндерінің 
көмегімен тұлғаның дене мүшелері бекітіледі. 
Әндерді, жаңа лексиканы немесе жиі қолданылатын етістіктерді үйрену кезінде орта 
мектепте де белсенді қолдануға болады. Мысалы: «have» етістігін өтіп жатқан кезде 
«animals» тақырыбын алып, балаларға суреттерді бір жануардың екі буынды, ал екіншісі бір 
буыннан тұратындай етіп тарата аламыз. Мысалы: a parrot and a fox, a squirrel and a pig, a 
monkey and a duck, a rabbit and a wolf және т.б. Cуреттерін кезекпен көрсете отырып, балалар 
тиісті сөздерді алмастырып, қуана-қуана ән айтады.Мысалы, 
I have, I have a parrot, I have, I have a parrot,
I have, I have a parrot, a parrot and a fox. Have you got a parrot? Have you got a parrot? 
Yes, I have a parrot. 
Have you got a parrot? Have you got a parrot? 
No, we haven’t got. 
Балаларға ән арқылы жанұя мүшелерін атауды үйретуге болады. Жаңа сөздер мен 
қосарланған әріптердің дыбысталуын жаттықтыра алады. Th , ear, all – жиі қайталанып, 
дыбыстық өзгешелігін ажыратуға ықпал етеді.
This is mama, kind of dear. 
This is papa, standing near. 
This is brother,see how tall! 
This is sister, not so tall 


This is baby, sweet and small. 
This is the family – one and all!
Табиғат 
құбылыстарын 
тану 
баланың 
дүниетанымын, 
қоршаған 
ортаға 
қызығушылығын арттырады. Жаңбырлы күндері осы әнді айтқызып, табиғатпен байланысын 
нығайтуға болады. Құбылысты көре отырып, бұлтпен тілдескендей әсерде қалады. Ойын 
баласы үшін бұл көрініс ерекше есте қалары сөзсіз. 
Rain, rain, go away, 
Come again another day!
Little children want to play, 
So, rain, go away! 
Please, rain, go away, 
Come again another day! 
Little children want to play, 
So, rain, go away! 
Мектеп жасына дейінгі балалар қозғалмалы және эмоционалды әндерді ұнатады және 
олар мұғалімнен кейін қуана-қуана қайталайды. 
Оларға түсіндірудің қажеті жоқ, себебі олар әннің, сөздің және фразаның мағынасын 
түсінеді. Балалардың санасында тілдік құрылымдар кейін жұмыс жасайды. [1, 2-7] 
Мектеп жасына дейінгі балаларға ән арқылы сабақ жүргізу жас балалар 
шығармашылығына серпін береді, ал оны ағылшын тілі сабағында қолдану оқушыларды 
елтану білімімен байытады, оқушылар оқып жатқан елдің, яғни шет елдің мәдениетіне және 
тілдің өзіне деген қызығушылығын танытады. 
Ән арқылы шет тілін үйрену сөздерді тыңдауға, айтылымды жақсартуға, грамматиканы 
жақсы түсінуге, сөздік қорын толықтыруға көмектеседі. Музыканың мидың оң жақ бөлігіне, 
ал мәтіннің мидың сол жағына әсер ететіндігі дәлелденді. Сондықтан мәтіннің рифмалары 
мен жағымды музыка кез-келген адамның жадында ұзақ уақыт сақталады. Музыка бізді 
барлық жерде сүйемелдейді. Біз әрқашан ағылшын әндерінің мәтінін тыңдауға және 
сөздерді есте сақтауға тырысамыз. Алайда олардың мағынасы әрдайым анық бола бермейді, 
сондықтан мағынасын түсіну үшін сөздіктің көмегіне жүгінеміз. Бейтаныс сөздерді жазып, 
олардың мағынасын табамыз. Кейде бүкіл өрнектер автоматты түрде есте қалады, бұл 
болашақта оларды ауызекі тілінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Өз еңбектерінде психолог В. Леви былай деп жазады: «Кейбіреулер – қайта жазу, 
басқалары – тыңдау, үшіншісі – көру, төртіншісі – тыныш музыка, бесіншісі – басын сипау 
арқылы есте сақтайды». Сондықтан кез-келген адам тілді үйрену үшін түрлі әдістерді, соның 
ішінде музыка мен әндерді қолдануға міндетті[5, 11-15]. 
К. Д. Ушинский сабақта бірлесіп ән айту – бұл мектеп оқушыларын ұйымдастыратын, 
біріктіретін, олардың сезімдерін тәрбиелейтін күшті педагогикалық құрал деп санайды. 
Әнде, әсіресе хорда, әншілерді тату және үйлесімді іс-әрекетке біріктіріп, еңбекті 
ұйымдастыратын нәрсе бар. Сондықтан заманауи және креативті мұғалімдер сабақтарын 
жарқын, эмоционалды және есте қаларлық етуге тырысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет