Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


Елубаева Р.С., Тамабаева Қ.Ө., Нұрбеков Т.Б. (Тараз, Қазақстан)



Pdf көрінісі
бет82/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Елубаева Р.С., Тамабаева Қ.Ө., Нұрбеков Т.Б. (Тараз, Қазақстан) 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАША 
БАҒЫТТАРЫ 
 
Түйіндеме: Мақалада жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытудың жаңаша 
заңдылықтары мен білім беру жүйесіндегі өзгерістер қарастырылады.
Қазіргі 
таңда 
студент 
жастардың креативтілік дағдыларын қалыптастыру мен тұлғалық дамытуда әдебиетті оқытудың 
маңыздылығын, нәтижелерін талдайды.
Кілт сөздер: қазақ әдебиеті, оқыту, технологиялар, инновация, әдеби мұра. 
 
Резюме: В статье рассматриваются новые закономерности преподавания казахской литературы 
в высших учебных заведениях и изменения в системе образования. В настоящее время анализируется 
значимость, результаты преподавания литературы в формировании и личностном развитии навыков 
креативности студенческой молодежи. 
Ключевые слова: казахская литература, обучение, технология, инновация, литературное 
наследие 
Summary:  
The article deals with new patterns of teaching Kazakh literature in higher 
educational institutions and changes in the education system. Currently, the author analyzes the significance 
and results of teaching literature in the formation and personal development of creative skills of students. 
Keywords: Kazakh literature, education, technology, innovation, literary heritage 
 
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарынан кәсіби мамандар даярлау мәселесінде жоғары 
білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік мүмкіндіктерін 
күшейту, заманауи талаптарға сай әрі тиімді етіп пайдалану қажеттілігі туындауда. Әсіресе, 
оқу мен ғылымды ұштастыра дамытуға көбірек көңіл бөлу қажет. Бұл орайда, әрбір пәннің 
мазмұнына сәйкес инновациялық жаңа моделін таңдап алып, үздіксіз білім беруді дамыту, 
жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды батыл енгізу маңызды мәнге ие 
болып отыр. Әсіресе, шығармашылық және талдаушылық ойлауды, өз бетінше жұмыс істеу 
дағдысын дамыту, студенттердің теориялық білімін бекіту және тереңдетуде өзіндік 
жұмыстарды орындату мен оның инновациялық түрлерін қолданудың зор нәтижелер берері 
даусыз. Сапалы болашақ кәсіби мамандар даярлауда әрбір оқу орны өзінің материалдық-
техникалық базасын заманға сай оңтайландырып, озық технологиялар үлгілерімен 
жабдықтап, дәріс беретін профессор-оқытушылардан да инновациялық мазмұн мен 


интерактивті әдіс-тәсілдермен сабақ жүргізу талап етілуде. Бұл туралы Елбасының өз 
Жолдаулары мен мемлекеттің жастар мәселесіне байланысты ұстанған саясатында да үнемі 
ескерілуде. Әсіресе, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына еніп, әлемдік дамуда өз 
орнымызды белгілеу үшін әрине, халықаралық стандартқа сай білім алған, озық ойлы, 
шетелдермен дода-тартыста іркілмейтін, жан-жақты білімді, әрі ұлттық ділі мен тілін, дінін 
өз бойына сіңірген патриоттық сезімі терең ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан да 
инновациялық білім беруді жан-жақты пысықтап, негізгі теорияларына сай оңтайлы білім 
беруді талап ету қажеттігі туындауда. Осы тұрғыда бүгінгі таңда білім беру саласында 50-
ден астам оқыту технологиялары қолданылып, өз жемісін беруде. Әрине, ол 
технологиялардың әрқайсының өзіндік мазмұны, мақсаты, нәтижелері әр түрлі. Және, әрбір 
ғылымда, салада, пәнде қолдану мүмкіншілігі әр түрлі. Әдебиет тарихының негізгі дәуірлері 
мен кезеңдерін толық түйсіну үшін сол кезеңдегі өмір сүрген ақын-жазушылардың көркем 
туындыларын талдап, сыни көзқараспен тұжырымдай білуі тиіс. Бұл үшін студент әдеби 
тілдің басты стильдерін өзара ажыратып, мол тіл байлығын дұрыс қолдана білуі, ойын жан-
жақты тұжырымдауы үшін жатық сөйлеу білу мәнері, теориялық толғамдарды танып-талдай 
алуы қажет. Міне, осы тұрғыдан келгенде, әсіресе, жоғары оқу орындарында болашақ 
әдебиетші мамандар даярлауға проблемалық оқыту, дамыту оқыту, «сыни тұрғыдан ойлау» 
технологияларының маңызы ерекше. Студенттерге жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарт 
негізінде дәріс беріп, оны жаңаша ұйымдастыра білу терең білім мен білікті қажет етеді.
Әсіресе бір сарынды сабақ үлгілерінен қашық болған жөн. Болашақ мамандар ретінде әрбір 
көркем шығарма мен сөз зергері шығармашылығына өзіндік пікірлерін қорытып, 
тұжырымдай білуге бағыттау қажет. Айталық, «қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары» 
тақырыбын оқытуда негізгі түсінік беріледі. Белгілі ақын-жазушылардың негізгі 
шығармалары мазмұндалып, жалпы әдеби даму сипаты мазмұндалады. Бір сарынды 
түсіндіру мен баяндаудан гөрі, мұнда студенттердің өз беттерінше ізденіп, пәнге деген 
қызығушылығын арттыратын технологиялар нәтижелі болмақ. Әсіресе, Ж. Қараевтың 
технологиясы олардың сенімділігін туғызып, білімін одан ары дамытуына, шығармашылық 
деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Қосымша тақырыптар бойынша өзіндік 
жұмыстарын жазып келу тапсырылады. Оқу үдерісінде, әсіресе, әдебиет сабақтары бойынша 
орындалатын өзіндік жұмыстар студенттердің практикалық дағдыларын бекітуіне, 
ұсынылған теориялық міндеттерді өз бетінше шеше білуіне жол ашады. Осы тұста әрбір оқу 
орны өздерінің материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жаңартып отыруы 
қажет. Әдебиетші ұстаз-ғалымдардың әзірлеген оқу-әдістемелік кешендерінен қажетті бағыт-
бағдар алған студент түрліше электронды оқу құралдарын, т.б. қолдана отырып, негізгі 
мазмұнды терең ашып, алға қойған мақсат-міндеттерді шешуге мүмкіндік алады.
Жоғары мектепте әдебиеттің тарихы мен теориясын оқытуда әсіресе, әдеби процестің 
жай-күйіне 
тоқтала 
отырып, 
проблемалық 
сұрақтар 
төңірегінде 
пікірталастар 
ұйымдастырып, көзқарастарымен ескере отырып, тұжырымдауға мән берген мақұл. Бұл 
студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысында аса маңызды қорытындылар жасауға да 
көмектеседі. Және, жоғары оқу орындарында өткізілетін конференцияларда баяндама жасап, 
ғылыми мақалалар жазуға да итермелейтіні сөзсіз. Әдебиетті оқытудың инновациялық 
бағытына ғылыми үйірмелердің жұмысын жандандыру да жатады. Әсіресе, шығармашыл 
жастарға ақ жол көрсетіп, негізгі мақсат-мұратына жету мен талантының толыққанды 
ашылуына да үйірме мүшелерінің өзара пікірталасы, презентациялары жағдай жасайтыны 
даусыз.
Кәсіби мамандар даярлау ісіндегі соны талаптар оқытушыларға жаңаша ізденуін, жаңа 
қырларымен танылуын талап етуде. Әрбір тақырыптар бойынша студенттерге бағыт-бағдар 
беріп, педагогикалық инновациялық технологияларды қолдану үшін біліктілігін арттыру 
мақсатында терең ізденуіне тура келеді. Әсіресе, әдебиет сабақтарында үнемі адамды тану, 
қоғамдық-саяси жағдайлардың рухани мазмұнын ашып көрсету, ізгілік, адамгершілік, 
отаншылдық идеяларды насихаттауды басты мақсат етіп қойылады. Кез-келген сөз 
зергерінің шығармашылығын талдау арқылы оның өзінің ішкі «Меніне», сол арқылы жалпы 


адам болмысына, өмір сүрген ортасы арқылы қоғамдық-саяси жағдайға талдау жасап, 
болашақ ұрпақ санасына зерделі ойларды құя білгенде ғана әдебиетші мамандарды жаңаша 
ойлау соқпақтарына жетелеп, әдеби процес жайын жан-жақты зерттеу мүмкіндігіне жол 
ашылады. Әдебиет ұстаз-ғалымдарға қойылатын талаптар да көп. Ең алдымен, әдебиетті 
тегін оқушы таңдамайды. Бойында титтей де болса таланттың ұшқыны бар, 
шығармашылықпен айналысатын немесе Отанға, руханиятқа деген сезімі өте терең, асқан 
патриот, ізгілікті балалар ғана жастайынан әдеби шығармаларды құмарта оқып, әдебиетші 
болуға талаптанады. Міне, осындай талантты жастың талабына нұр жаудырып, сезімін 
қанаттандыруға, отаншылдық, адамдық рухын асқақтатуға жағдай жасап, заманға сай білім 
беру - әдебиетші ұстаздардан асқан шеберлікті қажет етеді. Өзі де осындай баспалдақтардан 
өткен ұстаз, ғалым бала жанын терең пайымдап, үнемі қайраттандырып, жігерлендіріп 
отыруы қажет. Бүгінгі жас ұрпақ көркем шығарма оқымайды, әдеби кітаптар оқуға басқа 
техникалық құралдар (компьютер, теледидар, телефон, т.б.) мүмкіндік бермейді деп 
байбалам салып жатамыз. Әрине, бұл замана талабы. Дегенмен, әдебиет - өмір айнасы 
екендігін жас ұрпақ санасына сіңіруде түбегейлі өзгерістер жасаған жөн. Аталған мәселе 
бойынша мектептерде ұлтымыздың қаймағына айналған қайраткерлеріміз, түркі тілдес 
халықтарға ортақ тұлғалар, руханият ісіне үлес қосқанымен мектеп бағдарламасына енбей 
қалған кейбір ақын-жазушыларымыздың шығармалары енгізіліп, тереңдетіп оқытатын 
сыныптар көбейту, т.б. біршама жемісті істер атқарылды. 
Ал, жоғары мектепте әдебиет пен тілді барлық мамандық студенттеріне оқыту ісі қолға 
алынбауда. Қазіргі уақыт білімнің де тынысы кеңейіп, білімдінің жұлдызы жарқырай 
бастады. Шын білімдіге жарқын жол ашылды. Білімнің әлеуметтік қызметі артуда. Біліммен 
қатар білік дағдыларын, терең ойлау машықтарын, тылсым дүние сырларын 
шығармашылықпен сезіну қырларын дамыту – оқытудың негізгі талабына айналуда. Бұл 
үшін инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану шарт.
Елбасы ұстанған саясат аясында білім беру саласында да реформалар жүргізілді. Үш
сатылы оқу енгізілді. Дегенмен, дәстүрлі оқыту жүйесінен алшақ кетпеген мақұл. 
Халықаралық стандартқа сәйкес білім беруді барлық білім ордаларының материалдық-
техникалық базасы көтере алмайтындығын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, білікті 
мамандардың жетіспейтіндігі де жасырын емес.
Қорыта айтқанда, жоғары мектепте оқыту – білім беру жүйесіндегі соңғы талаптарға 
негізделуі тиіс. Әсіресе, егемен елдің ертеңі саналар өскелең ұрпақтан кәсіби сапалы, ел 
болашағына алаңдай білетін парасатты, өрелі маман даярлауда көптеген қиындықтардың 
болғандығы жасырын емес. Уақыт өте келе қиындықтардың көбісі дерлік артта қалып, 
тамаша бастамалар жемісті нәтижелерін беруде. Солардың ішінде «Болашақ» бағдарламасын 
ауыз толтырып айтуымызға болады.
Ал, жоғары меткепте әдебиетті жаңаша оқытуда педагогикалық технологиялар 
қолданудың артықшылығы ретінде мыналарды анықтап айтуымызға болады: 
1. Студент креативті ойлау дағдысына ие болады. 
2. Кез-келген кезең мен мәселеге қатысты кең тұрғыда талдап, өз көзқарасын дәйектей
алады.
3. Студенттің теориялық білімі мен талдаулары ғылыми негізде 
дамиды. 
4. Студенттердің танымдық, интеллигенциялық қабілеттері, 
қызығушылықпен артады. 
5. Мәдениетті де озық ойлы азамат ретінде қалыптасып, қоғамдық 
саяси жағдайларға қатысты пікір қорытуға жағдай туғызып, адамдармен өзара қарым-
қатынаста тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. 
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологиялары студенттердің 
зейін-зерделік, кәсіптік,адамдық, ізгілік қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, 
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Және, оқытудың негізгі 
мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетіп береді. Инновациялық технологияларды тиімді 


пайдалану оқытушының педагогикалық шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Әдебиет 
сабақтарын инновациялық сипатта өткізу ең алдымен ұлттық мүддеден алшақтамауы тиіс. 
Халықтық әдеби мұраларды, көркем туындылар арқылы рухани болмысымызды, ұлттық 
менталитетті танытуға ұмтыламыз. Сондықтан да әдебиетті оқытуүнемі ізденуді де талап 
етеді. Бұл үшін өзара тәжірибе алмасу курстары, арнайы семинарлар мен тренингтерге 
қатысу шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет