Утеулиева Гулшат Шакуалиевна, №74 мктеп-гимназия Пән/Сынып: қазақ тілі, -сынып Қай аптаның нешінші сабағы Тоқсан ІІІ, апта, №14 сабақ


-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша шахмат тақтасының ақ көздерінде қиғашынан жасырылған сөзжұмбақты шешу



бет2/2
Дата24.11.2023
өлшемі387,18 Kb.
#125515
түріСабақ
1   2
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша шахмат тақтасының ақ көздерінде қиғашынан жасырылған сөзжұмбақты шешу.



Сұрақтары:
2. Шахмат тақтасы қара және ... шақпақтарға бөлінген.
4. Шахмат – ақыл-ойды дамытатын ....
6. Қай сөз «патша өлді» деген мағынаны береді?
8. Шахмат қай елде пайда болған?
С. Шахматта алғашқы жүрісті бастаған ойыншы қанша тәсілді қолдана алады?
Е. Шахмат ойнау үшін нені білу керек?
G. Шахмат нені дамытуға ықпал етеді?
Тілдік бағдар
ЕТІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Етіс – іс-әрекет пен оның жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің түрі. Етіс белгілі бір қосымшалар арқылы жасалады. Қазақ тілінде етістің 4 түрі бар. Олар:



Өздік етіс

Өзгелік етіс

Ортақ етіс

Ырықсыз етіс

Іс-әрекетті орындаушы өзі

Істі біреуге орындатқызады

Қимылды орындаушы бірнеше адам

Іс-әрекеттің өздігінен орындалуы



ӨЗДІК ЕТІС
Іс-әрекетті, қимылды тікелей өзі істейтіндігін немесе өз істегендігін білдіретін етіс түрі өздік етіс деп аталады. Жасалу жолдары:
-ын: жу+ын, жасыр+ын;
-ін: ки+ін, сез+ін, сүрт+ін;
-н: тара+н, ора+н, тазала+н, сұра+н.
4- тапсырма. Өздік етіс жұрнақтары жалғанатын етістіктерді тауып, олармен сөйлем құрау.
Оқу, білу, айту, орау, отыру, болу, көтеру, домалау, билеу, жинау, ұшу, жүгіру, ойлау.
Бекіту сұрақтары
Берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне алдық.
Мәтінде көтерілген мәселені біліп, детальді ақпараттарды анықтай алдық.
Етістің ережесін, оның түрлерін, өздік етіс түрін ажырата алдық.
Қосымша тапсырма:
Берілген етістіктерден өздік етіс жасап, спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жазу.
Ора, сұра, ойла, сүрт, жу.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет