Утеулиева Гулшат Шакуалиевна, №74 мктеп-гимназия Пән/Сынып: қазақ тілі, -сынып Қай аптаның нешінші сабағы Тоқсан ІІІ, апта, №14 сабақ



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі387,18 Kb.
#125515
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
14-сабақ. Шахмат. Етіс. Өздік етіс




Мұғалімнің аты-жөні:

Утеулиева Гулшат Шакуалиевна, №74 мктеп-гимназия

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

Тоқсан ІІІ, 4 апта, №14 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары

Сабақтың тақырыбы:

Шахмат. Етіс. Өздік етіс.

Оқу мақсаттары:

6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалым мәтінінің мазмұнын толық түсінеді.
Көпшілік оқушылар орындай алады:. тыңдалым мәтінінен детальді ақпараттарды анықтай алады.

Бағалау критериі:

Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын толық түсініп, детальді ақпаратты анықтайды.
-етістің ережесін және оның түрлерін біледі;
- өздік етісті ажырата алады, сөйлем құрау, тапсырма орындау барысында қолдана біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Шахмат. Етіс. Өздік етіс.»
Бүгінгі сабақта:

  • Мәтіннің мазмұнын толық түсінесіз;

  • Мәтінде көтерілген мәселені анықтай аласыз;

  • Етістің ережесін, оның түрлерін біле аласыз, өздік етіс түрін ажырата аласыз.




Слайд

3 минут

10 минут
1 минут





Жаңа сабақ

Тапсырмалар


Бекіту

Кіріспе
1.Спорттың қандай түрлерін білесіздер?
2.Спорт арқылы денсаулықты жақсартуға бола ма?
3.Қазақстаннан шыққан қандай спортшыларды білесіздер?
4.Адам баласы спортпен не үшін шұғылданады?


Тыңдалым. Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау.
Шахмат туралы аңыз
Шахмат - ақыл-ой мен халық шаруашылығы негізінде пайда болған ең танымал әрі қызықты спорт ойыны. Ойын тұңғыш рет Үндістанда пайда болды. Ежелден келе жатқан аңыз бойынша шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының алғашқы аты «чатуранга». Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атайды. Ал «мат» өлді деген сөз екен. Сонда ақ пен қараға боялған бірдей 64 торкөзге бөлінеді.
Үнді аңызы бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігін, ондағы әр түрлі жүріске таңғалады. Ол осы ойынды ойлап тапқан данышпанмен танысып, оған ерекше алғыс білдіргісі келеді. Сөйтіп әмірші үнді данышпанының кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді.


1-тапсырма. Суретке қарап, мәтіннің қалай аяқталатынын болжап көру.




Дескриптор

  • мәтінді тыңдайды;

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • суретке қарап, мәтінге болжам жасайды.



2- тапсырма. Мәтінді толық тыңдап, өз нұсқаларымен салыстыру.
Мәтіннің жалғасы
Данышпан кісі сыйлықты бидай дәнімен беруді сұрайды. Шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келесі шаршыларға бұрынғыдан да екі есе артық бидай берілуі тиіс еді. Билеуші бұл бидай көлемінің қанша екенін білмесе де, орындауға уәде береді. Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертең ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге жеткізеді. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615.
Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып
мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.
Шағын ғана шахмат тақтасы – ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде бірінші болып жүрген шахматшы 30 түрлі тәсілді пайдалана алады. Сол себептен шахматшылар әр адамын байыппен орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет