Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс.


И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары



бет6/9
Дата15.10.2023
өлшемі42,72 Kb.
#115489
түріУтопия
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Óòîïèÿëû? ñîöèàëèçì èäåÿëàðûíäà?û ì³íñ³ç ?î?àìäû? ??ðûëûñ.

И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
И.Кант (1724-1804 жж.). Еңбегі «Мәңгілік бейбітшілікке» , т.б.
1. Дербес, тең мемлекеттер бейбітшілікті сақтау үшін федерация құруын ұсынды.
2. «Мемлекет – бұл құқықтық заңдарға бағынған адамдардың бірлестігі».
3. Мемлекеттің формасын биліктегі адамдар саны мен басқару формасына қарау талдады. Осы белгілері бойынша автократияны, аристократияны, демократияны: «тақсырдың, дворяндардың, халықтың билігі» деп бөлді.
Георг Гегель (1770-1831 жж.). Еңбегі Еңбектері: «Германия Конституциясы», «Рух философиясы», «Құқық философиясы», «Тарих философиясы» «1831 жылғы реформа жайлы ағылшындық билль» т.б.  
1. Мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты. Азаматтық қоғамды жеке тұлғаның дара мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру дың саласы ретінде анықтады.
2. Азаматтық қоғамды антагонистік қоғам ретінде қарады.
3. Халық егемендігін және днмократияны жоққа шығарды.
4. Тұлға бостандығы мен оның құқығы меншік арқылы жүзеге асады.
Г.Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды.
Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы:

  1. қажеттіліктер жүйесі,

  2. әділ сот,

  3. полиция және бірлестіктер.

Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді:

  1. субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар);

  2. өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер);

  3. жалпылама (шенеуніктер).

Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет