«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

 
 
 
 


30 
 ИНФОРМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУДЫҢ 
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘДІСТЕРІ 
 
 
 
 
 
Шымкент қаласы 
№ 130 жалпы орта білім беретін мектебі КММ 
Информатика пәнінің мұғалімі
Шаимова Динара Маратовна 
 
Бүгінгі оқу үдерісінің түбегейлі ерекшелігі оқушылардың барлығының оқытудың міндетті 
нәтижелеріне жетуі деуге болады, оның дәрежесі мұғалімнің әр алуан түрдегі бақылау жұмыстарын 
жүргізуі арқылы бағаланады. Мұғалімнің мақсаты - оқушылардың белгілі бір тақырып аясындағы оқу 
материалын меңгеру деңгейі жайлы ақпаратты алу болып табылады. Педагогика ғылымы дамыған сайын 
білімді бақылау түрі де өзгеріп отырды. Қазіргі кезеңде бақылаудың дәстүрлі түрлерінің орнына жаңа 
түрлері қолданылуда. Оқушылардың білімін бағалау үшін әр тапсырманың қиындық деңгейіне қарай әр 
мұғалім бағалау критерийлерін жасауы қажет. Оқушылар бақылау жұмысынан алған бағасын 
басқалардың бағаларымен жиі салыстырады және көбінесе мұғалімнің қойған бағасына келіспеушілігін 
білдіреді. Олардың келіспеушіліктерінің себептерінің бірі оқушылардың өз жұмысын объективті 
бағалауға мүмкіндік беретін критерийлердің жоқтығы болып саналады. 
Оқушыларға объективті баға қою үшін бағалаудың айқын жасақталған критерийлері қажет. 
Сонымен қатар, білімді бақылаудың әр түрлі түрлерін қолдану және әртүрлі деңгейдегі тапсырмалардың 
бағалау критерийлерін жасап, оқушылардың білімін оқытудың әртүрлі кезеңдерінде бақылап отыру 
керек. Енді бақылау әдістерін қарастырып көрейік. 
Тест тапсырмалары - барлық өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалар жасалады және 
бағалаудың балл түріндегі критерийі беріледі. Тест тапсырмаларының орындалу нәтижесін мұғалім 
немесе оқушының өзін-өзі немесе өзара бағалауына болады. Егер оқушы өзін-өзі бағаласа, онда дәптер 
жиегінде түзетулер санын көрсететін цифрды қоюы қажет. Берілген критерий бойынша оқушылар өзін 
бағалайды. Түзетулердің санын көрсетуді оқушылардың баға қоюдағы объективтілігін тексеру үшін 
қойғызу керек. Ал, оқушылардың бір-бірін өзара бағалауы үшін жауап парақтарын оқушыларға бағалау 
үшін кездейсоқ түрде таратылады. Берілген критерий бойынша олар бір-бірін бағалайды. Бағалап 
болғаннан кейін оқушыларға өздері қателескен сұрақтар нөмірлерін атауды өтініп, оларды түзету үшін 
қателескен сұрақтарға талдау жүргізіледі. 
Карточкалар бойынша сұрақтарға жауаптар - әрбір бақылау жұмысы үшін оның қиындығына 
байланысты бағалаудың балл түріндегі критерийі жасалады. Мысалы, 10 сұрақтан тұратын жұмыс үшін: 
«5» бағасына – 9,5 балл, «4» бағасына – 7,5 балл, «3» бағасына – 5,5 балл жинау керек (дұрыс 
жауаптар жартысынан көп). Әрбір дұрыс жауап үшін «+», егер жауап толық емес емесе жартылай дұрыс 
емес болса, «±», ал қате жауап үшін «-» қойылады. Әрбір «+» үшін 1 балл, әрбір «±» үшін – 0,5 балл, әрбір 
«–» үшін – 0 балл қойылады. Және оқушылардан өзін-өзі бағалауларын ұсынуға болады. 
Осындай жауапты жұмысты орындағаннан кейін, оқушылар өздері үшін тексеру жұмыстарына үйде 
өте мұқият дайындалу керектігі туралы бірмәнді қорытынды жасайды. 
Сараланған тексеру жұмыстары - білімді бақылау кезінде оқушылар күрделілігі әртүрлі деңгейдегі 
есептерді таңдайды. Базалық деңгейдің есептері – «үш» бағасымен, орташа деңгейдің есептері – «төрт» 
бағасымен, жоғары деңгейдің есептері – «бес» бағасымен бағаланады. Оқушылар меңгере алатын 
деңгейлерін өздері таңдайды. Өте маңызды психологиялық нәрсе – мұғалімнің оқушыны қиындығы 
қандай деңгейде болатын есепті таңдау керектігіне қыстамағаны жөн. Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар 
өздерінің жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін есептердің өз күші жететін деңгейін таңдай отырып, 
объективті бағалай алады. 


31 
Сараланған үй тапсырмалары - үй тапсырмаларының да көпшілігі сараланған болып табылады. 
Кейбір өтілген тақырыптар бойынша үй жұмысының міндетті бөлігіне үйге қосымша бағамен 
бағаланатын шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды беруге болады. Оқушылар өз күштерін, 
қалауларын, бос уақытын өздері бағалайды және өздері үшін – осы тапсырманы орындау керек немесе 
керек емес екенін шешеді (әрі, үйге дәптерге бәрі жазып алады). Үй жұмысын тексеру кезінде әрбір 
оқушымен жеке әңгіме жүргізіп, есепті шығаруда қолданылған әдіс туралы, осы программадағы 
операторлардың жұмысы туралы сұралады. Алынған жауаптарға жұмысқа қойылатын баға тәуелді 
болады. Мұндай әңгімелер кезінде оқушының үй жұмысын өзі орындады ма, жоқ па анықталады. 
Зертханалық жұмыстар - информатикадан балалар әртүрлі тақырып бойынша модульдік карталарды 
пайдалану арқылы көптеген зертханалық жұмыстарды орындайды. Әрбір зертханалық жұмыстың 
мақсатына сай тапсырма жасалып және жұмысты орындау реті көрсетіледі. Оқушылар тапсырманы 
орындайды және істелінген жұмыс жайлы қорытынды жазады. 
Рейтинг сипаттағы тексеру жұмыстары - бақылау жұмыстарында рейтинг сипаттағы тапсырмалары 
бар карточкаларды да қолдануға болады. Әрбір есеп баллдардың белгілі бір санымен бағаланады. Бағалау 
критерийі беріледі. Оқушылар ұсынылатын есептердің қиындық деңгейін өздері бағалайды және оларды 
жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды. 
Жаңа материалды түсіндіруді аяқтағаннан кейін бірден жүргізілетін бақылау жұмыстары - 
бақылаудың бұл түрін аса қиын емес материалдар оқытылған жағдайларда пайдалануға болады. Алдын 
ала сабақтың басында балаларға жаңа материал бойынша тексеру жұмысы болатынын ескерту керек. 
Жаңа материалды түсіндіру барысында барлық туындайтын сұрақтарға мұғалім жауап береді, 
баяндалған материалдың негізі жерлеріне тоқтала отырып, қорытынды жасайды. Егер балалар тарапынан 
сұрақтар болса, бақылау жұмысына кірісуге болады. Әдетте бұл тест тапсырмалары немесе сұрақтарға 
жауаптар болады. Бірден бағалау критерийі жарияланады. Осындай түрдегі білімді бақылау кезінде 
оқушылардың мұғалімнің түсіндірулерін және оның сұрақтарға жауаптарын оқушылардың қаншалықты 
мұқият тындағанын анықтауға болады. Диктант түріндегі бақылау жұмыстары - кішігірім тақырыпты 
өтіп болғаннан кейін, оны қайталағаннан және бекіткеннен кейін диктант түрінде бақылау жұмысы 
жүргізіледі. Мұндай жұмыс үшін әдетте, өтілген тақырып бойынша негізгі анықтамаларды білуге 
арналған бірнеше сұрақтар іріктеледі. Осындай жұмысты орындау кезінде мұғалім сұрақ қояды, ал 
оқушылар жауап жазады. Әдеттегідей, баллдық жүйеде бағаланады. 
Оқушылар ойлап тапқан есептерді шешуге қатысты бақылау жұмысы. Оқушыларға үй тапсырмасы 
ретінде оқытылған тақырып бойынша өздері есептер ойластырып келуге тапсырма беріледі. Үйде есепті 
ойлап тапқаннан кейін, оны шешудің алгоритмін өздері жазып келулері керек. Сабақта есептің 
тұжырымы келтірілген парақшаларды бөлек, ал оның шешімі бар парақшаларды бөлек жинау керек. 
Есептері бар дайын парақшаларды оқушыларға таратып беріледі. Осы бақылау жұмысының 
қорытындысын шығару кезінде балалар: үйде өз есебін шығарғаны үшін және сыныпта жолдасының 
берген есебін шығарғаны үшін екі бағадан алады. Мұндай жұмыстар балаларды қатты қызықтырады, 
себебі үйде дайындалғанда олар қиын есепті құрастыруға тырысады, бірақ екінші жағынан, оны өздері 
міндетті түрде шығара білуі керек. Ал, сыныпта басқаның ойлап тапқан есебін шығару кезінде, олар бұл 
есепті біреудің шығара алғанын ескеріп, ұятқа қалғысы келмейді және оқушы бар күшін салып оны 
шығаруға тырысады. Мұндай жұмыстарды орындау нәтижелері әдетте өте жоғары 
болады. Оған қоса, тұжырымы ең қызықты есепке конкурс жарияланады. Есептер конкурсының 
жеңімпазына журналға қосымша бес қойылады. Мұндай жұмыстардың мақсаты балалар өз бетімен 
ойлануға дағдыланауында, есептерді шешу стратегиясын ойластыруында, шешу үдерісін 
жоспарлауында, оның дұрыстығын бақылауында, қателерді табуында және түзетуінде, қорытынды 
жасауында болады. 
Компьютерде орындалатын тест тапсырмалары - ол үшін арнайы тест қабықшаларын пайдалануға 
болады. Оқушыларды компьютерлік тестермен жұмыс істеуге міндетті түрде үйрету керек, себебі 
тестілеу программаларын сауатты және дұрыс пайдалана білу біліктігі оларға болашақ өмірлерінде қажет 
болады. 
Шығармашылық жұмыстарды орындау кезіндегі оқушылардың өзара бақылауы - мұғалімнің 
жалғыз өзіне оқушының шығармашылық жұмысын объективті бағалау қиынға соғады, сондықтан баға 
субъективті болуы мүмкін. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеруге, мысалға, «Компьютерлік 


32 
графика» тақырыбы бойынша, бүкіл сыныпты қатыстыруға тырысу керек. Оқушылардың графикалық 
редакторда жасаған барлық суреттерін бір компьютерлік бумаға орналастырып, әрбір файлдың атауын 
кодпен жасырып қоюға (мысалға, 01, 02, 03, …) болады. Оқушыларға баға қою үшін арнайы дайындалған 
файлдар атауы бар кесте таратылып беріледі. Осылайша, жұмысты қараған кезде олар кімнің жұмысын 
тексеріп отырғанын білмейді, яғни олар үшін бәрі бірдей. Тәжірибе көрсеткендей, тексерудің осындай 
тәсілінде баға қоюдағы оқушылардың пікірі өте объективті болып саналады. 
Шығармашылық жобаны қорғау - информатика сабағында балалар кейбір өтілген тақырыптарды 
аяқтағаннан кейін бірнеше шығармашылық жобаларды орындайды. Оқушылардың жасаған барлық 
жұмысының қорытындысы ретінде шығармашылық жобаны қорғау саналады. Жұмысты баяндау 
барысында оқушылар өздерінің жобасының мақсаты туралы, оның кімге бейімделгенін айтып беруі, 
оның жұмыс істеуін компьютерде көрсетіп беруі, комссия мүшелері мен өз жолдастарының сұрақтарына 
жауап берулері керек. Бұл жұмыстарды оқушылардың өздері бағалайды, олар жобаның барлық 
қатысушыларының аты-жөндері мен бірнеше номинация бойынша құрастырылған бағалау критерийлері 
жазылған бағалау парақтарын алады. 
Рефераттарды қорғау - әрбір мұғалімнің реферат немесе баяндама жазу үшін оқушыларға беретін 
бірқатар тақырыптары болады. Реферативті шығармашылық жұмыстар ақпараттық шығармашылық 
жұмыстар санатына жатады. Балалар ақпараттың әр алуан көздерімен жұмыс істеуді үйренеді, өз бетімен 
жұмыс дағдыларын, алынған материалды өңдей білу біліктілігін, оны талдауды, қорытынды жасауды 
меңгереді. Реферат үшін бағалау келесі құрамдас бөліктерден тұрады: ақпараттың әр алуан көздерінде 
бейімделуі; монологтық сөз сөйлеудің қалыптасқандығы, ақпаратты сауатты баяндай білуі
коммуникативтілігі, аудиториямен байланыс орната білу, диалогқа қатыса білу біліктігі; рефератты 
жасақтауы, өз бетімен жұмыс жасауы, ерекшелігі, тақырыпты аша білуінің толықтығы. 
Тақырыптар бойынша кроссвордтар - кейбір тақырыптарды аяқтағаннан кейін бақылау жұмыстары 
ретінде кроссвордтарды пайдалануға болады. Оларды жауаптарды табылған сөздердің пайызына 
байланысты балл түрінде бағалауға болады. 90 – 100% дұрыс жауаптар «5» бағасына сәйкес келеді; 70 - 
89% - «4» бағасына сәйкес келеді; 50 – 69% - «3» бағасына сәйкес келеді. Балаларға бақылаудың осындай 
тәсілі қатты ұнайды. 
Бақылаудың ұсынылып отырған түрлері білім сапасының артуына алып келеді. Оқушылардың 
білімі мен біліктілігін бақылаудың дәстүрлі түрлері мен жаңа түрлерін ұштастыра отырып, бақылау 
жүйесін дұрыс ұйымдастыру және бағалаудың айқын критерийлерін жасау оқыту үдерісін тиімді 
басқаруға әсер етеді, сонымен қатар оқушылардың білімді меңгеру мотивациясын арттырып, олардың 
бақылау сабақтарына деген қызығушылықтарын арттыра түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет