В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний


Коммутация және маршрутизация 2.1. IP маршрутизация (бағыттау)



бет18/92
Дата04.09.2023
өлшемі4,95 Mb.
#106050
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
treatise177480 (1)

2 БӨЛІМ

Коммутация және маршрутизация




2.1. IP маршрутизация (бағыттау)




Бағыттау – Бұл түйіндерден мекен-жайға деректерді немесе аралық маршрутизаторға беру процесі.
Бағыттау маршрут кестелерге негізделеді, бұл сегменттердің IP мекенжайлары мен маршрутизатор интерфейстерінің IP мекенжайлары арасындағы сәйкестікті сақтайтын мәліметтер базасы. Деректер кандай да бір түйінтан шыққан кезде, маршрутизатор маршрут кестесін тексереді. Егер белгіленген түйін-мекен-жай (немесе оның желілік сегменті) кестеде көрсетілмеген болса, онда деректер әдеттегі мекен-жайға жіберіледі. Егер белгіленген түйін-мекен-жай табылса, деректер белгіленген жерге жіберіледі. Егер белгіленген түйін-мекен-жай табылмаса, жіберуші түйін-жіберушіге қате туралы хабарлама жіберіледі.
Бағыттау процесінің мысалы (2.1 сурет).
Бағыттау кестесінің екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Жүйе әкімшілері статикалық бағыттау кестелерін қолмен құрып, жаңартып отыруы керек, себебі кестелерді белгілі бір араласу болмаса өзгерту мүмкін емес. Бағыттаудың динамикалық кестелері бағыттау хаттамасының көмегімен автоматты түрде құрылады.

2.1 сурет – Қарапайым бағыттау


Статикалық бағыттау
Статикалық бағыттау – бұл орнатылған IP мүмкіндігі (функциясы) және жұмыс істеу үшін ешқандай қосымша қызметтер қажет етпейді. Статикалық бағыттау кестесі әр маршрутизаторда қолмен жасалуы және сақталуы керек. Статикалық бағыттау кестесі желілер мен оларға кіруге арналған шлюз немесе маршрутизатордың интерфейстерін анықтайды. Статикалық бағыттау кестесі төмендегілерден тұрады:
- Желі мекенжайы. Әр белгілі желінің мекен-жайы, жергілікті мекен-жайы (0.0.0.0) және тарату мекен-жайы (255.255.255.255).
- Желілік маска. Әр желі үшін қолданылатын қосалқы желі маскасы.
- Шлюз мекен-жайы. IP- әр желі үшін кіру нүктесінің адресі (маршрутизатор интерфейсі).
- Интерфейс. Желілік интерфейске белгіленген IP.
- Метрика. Желіге қосылатын қайта беру саны («хоп»).
2 кестесінде бағыттау кестесінің мысалы келтірілген.
2 кесте бағыттау кестесі

Желі

Маска

Метрика

Интерфейс

Шлюз

0.0.0.0

0.0.0.0

1

10.57.11.169

10.57.8.2

127.0.0.0

255.0.0.0

1

127.0.0.1

127.0.0.1

10.57.8.0

255.255.248.0

1

10.57.11.169

10.57.11.169

10.57.11.169

255.255.255.255

1

127.0.0.1

127.0.0.1

10.57.255.255

255.255.255.255

1

10.57.11.169

10.57.11.169

224.0.0.0

224.0.0.0

1

10.57.11.169

10.57.11.169

Статикалық маршрутизатор тек маршруттау кестесіне қосылған желілермен байланыс жасай алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет