Оптика – жарықтың пайда болуымен, таралуымен, басқа заттармен әсерлесуімен байланысқан заңдылықтар мен құбылыстар зерттелетін физиканың бөлімі (геометриялық, толқындық, кванттық)
Геометриялық оптика
Жарық сәулесі мен жарық шоғы туралы ұғымдар қолданылатын оптиканың бір бөлімі. Геомтериялық оптикада жарықтың толқындық қасиеті ескерілмейді
Геометриялық оптика
Негізгі заңдары:
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: біртекті мөлдір ортада жарық түзу сызықпен таралады
Жарық шоқтарының таралуының тәуелсіздік заңы: жарық сәулелері кездескенде біріне-бірі ұйтқу тудырмайды
Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады
Берілген әрі шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады
Жарық көзінің өлшемдері жарық көзінен бақылаушыға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз болса, мұндай жарық көздерін нүктелік жарық көздері деп атайды ( Күн, жұлдыздар, ...)