Мақсаты: Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын зерттеу
Қажетті құралдар: май шам, 10х10 см болатын 3 картон қағаз, 3 сіріңке қорабы, кнопкалар, түйрегіш
Жұмыстың орындалуы: түйрегішпен картон қағаздардың ортасынан саңылау жасаңдар; картондарды сіріңке қорабына бекітіп суреттегідей орналастырыңдар; май шам жалыны саңылаудан көрінетіндей етіп орналастырыңдар
Сұрақ: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.
Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?
Тәжірибелік тапсырма
Тапсырма: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.
Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?
Жауап: Біз май шам жарығын көріп тұрған жоқпыз. себебі, жарық мөлдір емес денелерден өте алмайды. Яғни, жарық өте алатындай саңылау жылжып кетті.
Қорытынды: біз жарықтың түзу сызық бойымен таралатындығына көз жеткіздік
Видео 1
Көлеңке деген не?
Кеңістіктің мөлдір емес нәрсенің артындағы жарық түспейтін бөлігін к ө л е ң к е дейді.
Экранға түсіп тұрған жарық шоғының жолына бір кішкене мөлдір емес шар қояйық. Кеңістікте шардың артында конус тәрізді көлеңке, ал экранда дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады.
Егер жарық көздері нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ-шала көлеңкелер пайда болады