В. П. Беспалько білім беру процесіндегі оқыту технологияларға Педагогикалық технология білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту процесінің теориялық негізделген әд


Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы



бет3/3
Дата21.04.2023
өлшемі45,74 Kb.
#85368
1   2   3
Байланысты:
педагогика бөж

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы. Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. АҚШ ғалымы Д.Клустер сыни ойлаудың 5 негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бірінші сипаттамасы – өзбеттілік: “білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек”. Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарасының болу құқығын мойындау.
Сыни тұрғыдан ойлаудың екінші маңызды сипаттамасы – ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін “бастапқы” ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптасады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың үшінші сипаттамасы – мәселені алға қоя білу: әртүрлі деңгейдегі нағыз таным процесі танушының өзінің қызығушылығы мен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу.
Сыни ойлаудың төртінші сипаттамасы тәжірибені игерудің өзбеттілік процесі әртекті ақпараттарға, білімге, өзгенің тәжірибесіне саналы қарап, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді.
Сыни ойлаудың бесінші сипаттамасының негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп қабылданады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



Кезеңдері Әдістері

1-кезең: Топтау(ассосация)
қызығушылықты ояту ой қозғау
2-кезең: Тірек конспектілерімен
мағынаны тану жұмыс
3-кезең: Венн диаграммасы
ой-толғаныс Сұрақ-жауап
Кубизм
Ой толғау

Әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатындай сапалы білім беру білім беру жүйесін жетілдіруді қажет етеді. Ол үшін мұғалім технологиялық құзыреттілікті меңгеруі қажет: мұғалімнің технологияны шығармашылықпен меңгеруіне қажеттілік, шығармашылық ізденісі; мұғалімнің инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылысы, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі; жаңа білімді, технологияны меңгеруге деген қажеттілік; кәсіби құзыреттілік; мұғалімнің инновациялық технологияны шығармашылықпен жаңаша түрлендіре алуы. Өзін-өзі тану мүмкіндігі, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі; мұғалімнің инновациялық технологияны өз сыныбының ерекшелігіне қарай таңдай алуы, сабақтың технологиялық картасын жасай алуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет