Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту бағдарламаланған оқыту жүйесі сияқты білім берудің белсенді технологиясына жатады. Оның негізінде қандай да бір тапсырманы, проблеманы шешу жатыр. Проблемалық оқыту – бұл оқушылардың танымдық, шығармашылық теориялық және тәжірибелік іскерлігін тиімді басқару жүйесі, ойлау процесінің заңдылықтары мен білімді меңгеру жағдайына, танымдық қабілеттің дамуына негізделген
Оқытудың жобалау технологиясы. Бұл жүйенің негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:
- бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;
- іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
- балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;
- шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін
мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі” деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді. Олардың негізгілері:
● Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын
іліп әкетеді.
● Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
● Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны
басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.
● Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.
● Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп
отырады.
● Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.
Жобалап оқыту мақсаты:
1) жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше
және ықыласпен оқып үйренуіне;
2) танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді
пайдалануына;
3) әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді
игеруге;
4)зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
5) жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Ақпараттық коммуникативтік технология (АКТ) – оқушылардың жеке қабілетін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Педагогика ғылымында компьютерлік, ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие процесіне ендіруде көптеген іргелі зерттеулер жүргізілуде (Ж.А.Қараев, Е.У.Медеуов, Е.К.Балапанов, Т.О.Балықбаев).