В республикасы Білім және ғылым министрлігі


Бүгіннің ісін ертеңге қалдырма



бет103/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111
Бүгіннің ісін ертеңге қалдырма

Бенджамин Франклин қарапайым отбасынан шыққан. Ол өзінің дұрыс жоспар қоя білуінің және қатаң тәртіпті сақтауының арқасында көптеген салада жетістікке жетті. Франклин – Америка Құрама Штатының негізін қалаушылардың бірі. Себебі ол Тәуелсіздік Декларациясын және елдің Конституциясын жазуға атсалысқан. Франклин АҚШ-тың президенті болмаса да, оның портреті жүз долларлық банкнотта бейнеленді. Ол – «Уақыт дегеніміз – ақша» және «Бүгіннің ісін ертеңге қалдырма» деген сияқты қанатты сөздердің авторы.


Франклин үшін уақыт шын мәнінде маңызды болды. 20 жасында уақытты тиімді пайдалануға арналған жүйені жолға қойды. Замандастары оны «Франклин пирамидасы» деп атады.Франклин пирамидасы:
1. Бір күндік жоспар.
2. Қысқа мерзімді жоспар.
3. Ұзақ мерзімді жоспар (бір жылдық жоспар).
4. Мақсатқа жетудің басты жоспары.
5. Ең маңызды жоспар (шығармашылық адамның нақты мақсаты).
6. Өмірдің негізгі құндылықтарынан тұратын жоспар.
Пирамиданың негізіне өмірлік құндылықтар жатады. Бұл – кез келген проблеманы шешудің моральдық қағидасы. Франклин осы жайтты ескере отырып, 13 керек қасиетті анықтады. Олар: сабырлық, байсалдылық, тәртіпке бағынышты болу, батылдық, үнемділік, еңбекқор, адалдық, әділдік, қарапайымдық, тазалық, тыныштық және мейірімділік.
Өз-өзімен күнделікті жұмыс істеу барысында Франклин арнайы кітапша бастады. Ол кітапшаға өмірлік ұстанымын жазып отырды. Әр бетті жеті бағанға (аптаның күндеріне) бөлді. Содан кейін ол ізгі қасиеттерге негізделген 13 көлденең сызықты жүргізді. Осылайша ол өмірін тек жақсы жағынан өзгертуді көздеді. Франклин пирамидасының келесі қадамы – жаһандық мақсат. Ол өмірлік қағидаттарға негізделіп, «N жасына дейін неге жетуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, дәрігерге арналған үлкен мақсаттың бірі – 35 жасқа дейін бөлім басшысы болу, ал менеджер үшін өзінің стартаптарын бастауға мүмкіндік алу. Бенджамин Франклин әр күнін жоспарлап отырған. Әр құрған жоспарының белгіленген уақыты бар.
(baribar.kz)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет