В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет106/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Аспан әміршісі

Әлемдегі ұлы таулар бәрімізге де мектеп оқулықтарынан таныс. Олардың биік шыңдарының атын бала кезімізден жаттап өстік. Бірнеше мемлекеттерді орап созылып жататын таулардың пайда болу тарихы да өте қызық. Таулар жергілікті халықтар қойған атаумен тарихқа жазылса, кейде қызықты бір оқиғаның себебімен басқа атауға ие болып жатады. Солардың ішінде Гималай тауларының орны ерекше.


Жер бетіндегі ең биік шың – Джомолунгма (Эверест). Бұл шыңның биіктігі – 8848 метр. Оны Непалда Сагарматха дейді. Бұл – аспан әміршісі деген сөз. Ал тибеттіктер тілінде Джомолунгма деп атайды. Оның мағынасы «құдай – әлем анасы» деген сөз. Шыңның Эверест деп аталуы да қызық. Үндінің геодезия жүйесінде қызмет ететін ағылшын полковнигі Эверест «әлемнің ең биік шыңы – осы» деп байлам жасаған. Бір ғажабы, ол бұл шыңның басына шықпақ түгілі, етегінде де болмаған. Оның тапқыр да дәл есебін жоғары бағалаған ғалымдар шыңға «Эверест» деп ат қойған.
Күні бүгінге дейін бұл шыңға алты бағытпен жол салынды. Эверестің беткейі – жан баспаған, мәңгі мұз орнаған құздар, шыңдар. Бұл бағыт аса күрделі, қауіпті. Мұнда ауаның қысымы да әдеттегіден төрт есе төмен. Отыз градустан асатын аяз, қатты жел үнемі болып тұрады. Жер бетіне түсетін күннің радияциялық қуаты бұл шың басында бірнеше есеге артады. Жыл мезгілдерінің қай кезеңі болса да, мұнда қатты дауыл, қар көшкіні болып тұрады. Әлемдегі көптеген мемлекеттер осы заңғар биіктегі шыңға өз елінің туын тігуге тырысады. Сол үшін де мұнда ұлты мен ұстаған дініне қарамай, түрлі альпинистер шартараптан келіп жатады. Олар бұрын ешқандай шың бағындырушылардың басып өтпеген бағыттары арқылы өзіндік жаңа жол салуды армандайды.
Тәкаппар шың шын ерлерге, шыныққан нағыз шеберлерге ғана бас иеді.
(С.Елубаев)


6. ЖАҢАЛЫҚТАР


Олимпиада тарихы

Олимпиада ойындары ертеде қасиетті деп саналған. Ойындар жүріп жатқанда соғыстар да тоқтаған. Біздің заманымызда ойындарды қайта тірілткен – француз Пьер де Кубертен. Ол Олимпиадалық қозғалысты жандандыруға қырық жылдай уақытын жұмсады. 1892 жылы 25 қарашада Сорбоннаның салтанат залында Пьер де Кубертен «Олимпиаданы жаңғырту» тақырыбында дәріс оқыды. Ол осы жерде алғаш рет «Спортты жандандыру және оны халықаралық дәрежеге жеткізу керек» деген өзінің әйгілі сөзін айтады. Кубертен әлемнің көптеген елдерінде өзінің достарының көмегімен олимпизм жақтастарының дүниежүзілік кездесуін ұйымдастырды.


Құрылтайшылар конгресі Сорбоннада 1894 жылы 24 маусымда өтеді. Он екі елден келген екі мың делегат Олимпиада ойындарының халықаралық Олимпиада Комитетін (ХОК) құру туралы бір ауыздан шешім қабылдайды. Екі өркениетті яғни элин мен жаңа заман арасын байланыстырушы ретінде алғаш рет Олимпиада ойындарын өткізу үшін Афины жері таңдалды. Сөйтіп 1896 жыл жаңа заманғы алғашқы Олимпиада ойындары өткен жыл ретінде тарихта қалды.
Алғашқы он үш Олимпиадалық ойындар ежелгі көне Элладада тек бір ғана спорт түрінде – жүгіру бойынша өткізілген болатын. Алғашқыда ойынға тек екі қала – Элис пен Писы ғана қатысқан. Алайда ойынның танымал болғаны соншалық, кейін грек қалаларының барлығы түгелдей дерлік қатыса бастады. Олимпиада ойыны жақындаған сайын Эллиадада, сондай-ақ Грекияның барлық түкпір-түкпірінен «қасиетті татуласуды» хабарлайтын желаяқтар жіберіп отырған. Бұл жүгірушілер соғыстарды өз еріктерімен тоқтатуға зор ықпал жасады. Барлық жерде оларды триумфтермен қарсы алды. Тек Грекияда ғана емес, сонымен қатар эллиндерді құрайтын барлық жерде – Қырымда, Египетте, Испанияда осылайша қарсы алатын. Бес шеңберден құралған Олимпиада ойындарының эмблемасы 1913 жылы жасалған. Олимпиадалық ойындардың ресми туы – ақ матаға салынған олимпиада логотипі. Ақ түс – ойын кезіндегі бейбітшілікті белгілейді. Ол 1916 жылға жоспарланғанымен, тек 1920 жылы ғана Бельгияда алғаш рет қолданылды. Жабылу салтанаты кезінде Ойындар өткен қаланың әкіміне тапсырады. Төрт жыл бойы ту дайындық үстіндегі қаланың әкімдігінде сақталады.
(С.Елубаев)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет