В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет26/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Оқылым. Айтылым



13-тапсырма. Оқыңыз, қызық!
Ұрпақтар теориясын америкалық ғалымдар Нейл Хоув пен Вильям Штраус 1991 жылы ойлап тапқан. Хоув-Штраус теориясы әрбір буынның психологиясына, болмысына, қоғамдық-саяси көзқарастарына өз заманының құндылықтары, тәрбиесі, үй ішіндегі тәрбиесі әсер етеді деп пайымдайды.
Осы теорияға салатын болсақ, бүгінгі Қазақстанда бірнеше ұрпақ өкілі ғұмыр кешіп жатыр:
Үнсіз ұрпақ  (1923-1943 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1953 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына сталиндік қуғын-сүргін, жаппай ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты ғаламдық оқиғалар әсер еткен. 
Басты құндылықтары: адалдық, ережелерді сақтау, заңға бағыну, қызметке, лауазымға деген құрмет, ар-намыс, шыдамдылық, төзімділік.
Бэби-бумерлер ұрпағы (1943-1963 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1973 жылға дейін қалыптасқан. 
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына Сталиннен кейінгі жылымық, адамның ғарышқа ұшуы, қырғиқабақ соғыс, медицинаның жақсаруы, ғылымның дамуы, білім беру жүйесінің жақсы сапаға ие болуы әсер еткен. Әкелері соғысқа қатысқандықтан, бұл ұрпақ өзін «жеңімпаз ұрпақ» деп санаған. 
Басты құндылықтары: оптимизм, пайда мен мансапқа құштарлық, ұжымшылдық, «командашылдық», «жастық шаққа табыну».
Х-ұрпақ немесе Белгісіз ұрпақ (1963-1983 жылдары туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1993 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына қырғиқабақ соғыс, қайта құру, жариялылық, Ауғанстандағы соғыс, Чернобыль апаты, СПИД, есірткі сияқты оқиғалар әсер еткен. 
Басты құндылықтары: өзгерістерге дайындық, таңдау мүмкіндігі, жаһандық ақпараттану, техникалық білім, индивидуализм, ғұмыр бойы оқуға әзірлік, көзқарастардың бейресмилігі, жаңа эмоция іздеу, прагматизм, өзіне ғана сену, гендерлік теңдік.
Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары әлі де қалыптасып жатыр. 2014-2015 жылдар бұл ұрпақ үшін өтпелі кезең. Бұлардың құндылықтарының пайда болуына КСРО-ның ыдырауы, террористік актілер мен аймақтық соғыстар, сандық технологиялардың күрт дамуы, ғаламдық аурулар, ғаламдық мода мен өнер әсер етті. Ұялы телефондар мен интернет бұл буын үшін күнделікті, үйреншікті дүние. 
Басты құндылықтары: парыз бен борыш, жауапкершілік, аңқаулық, бағына білу. Бұл ұрпақ үшін маңызды дүние – бірден пайда көру, табысқа бірден ие болу. 
Z-ұрпақ (2003-2023 жылдар арасында дүниеге келгендер және дүниеге келетіндер)
Бұлардың құндылықтары енді ғана қалыптасады және де бұған бәріміз ықпал ете аламыз. Көп нәрсе осы ұрпақтың сапасы мен болмысына байланысты болады. Бір анығы, бұл ұрпақ үшін дипломнан гөрі білім артық болады. Бұл ұрпақ қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөліп, қалыптасқан ережелерді, заңдарды сақтауға бейім болады. Техникалық даму, ғылымның дамуы бұлар үшін үйреншікті дүние болатыны анық. Бұл ұрпақ – жаңалықтарға бейім ұрпақ. 
(surak.baribar.kz ›) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет