В республикасы Білім және ғылым министрлігі


ә Мықты, әлді 3



бет23/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

ә

Мықты, әлді

3

Аштық

б

Аласапыран кез

4

Ақсақал

в

Ұрпақ, үрім-бұтақ

5

Мезі ету

г

Нысапсыз, қанағатсыз

6

Мәжбүр

ғ

Жан-жақты, терең ойлау

7

Қомағай

д

Жасы үлкен сыйлы адам

8

Дағдарыс

е

Көп ойлайтын, данышпан, дана

9

Ойшылдар

ж

Амалсыздан істеуге тиіс болу

10

Қуғын-сүргін

з

Тығырыққа тірелушілік, қиыншылық

11

Сын көзбен қарау

и

Тамақ ішпегендіктен болатын күйзеліс, ашаршылық, жоқшылық






Айтылым



5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сократ өз заманындағы жастар туралы қандай пікір айтты?
2) Штраус пен Хоувтың «Ұрпақтар арасындағы қайшылықтар мен түсініспеушіліктердің болуы заңды» деген пікірімен келісесіздер ме? Келіссеңіз, қандай қайшылықтар болуы мүмкін?
3) «Ол үнемі заманына қарай түлкі не тазының рөліне енуге мәжбүр» дегенді қалай түсіндіңіздер?
4) Тұлғаның қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді?
5) Штраус пен Хоувтың пайымдауынша, буын деген не?


6-тапсырма. Сұрақтар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз.

  • Қазақ ұғымында, салыстырмалы түрде алғанда бір-бірінен 20-25 жас

айырмасы бар ер адамдар өзінен кейінгілерге аға буын (ұрпақ) болып саналады. Сіз аға буынға, орта буынға, жас буынға қай жастағы адамдарды жатқызар едіңіз?

  • Қазіргі кезде өзін мойындата алған орта буынның өкілдері деп кімдерді

атар едіңіз?

  • Аға буынның жіберген қателігі бар ма? Қандай қателік жіберді деп

ойлайсыз?

  • Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды екені белгілі. Алайда кейде

әке мен бала арасында проблемалар туындап жатады. Оның себебі неде деп ойлайсыз?


7-тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Берілген пікірге сіздің көзқарасыңыз қандай? Өз ойыңызды білдіріңіз.


Сірә, қазақ халқы үшін әке мен баланың ар­а­сы­нан қайшылық іздеудің қажеті бола қой­мас. Әке мен ба­ла­ның арасы тым жақын. Мә­селе ата ұр­пақ пен немере ұрпақтың ара­сын­да. Себебі олар­дың арасы 40-50 жыл. Қазақ «Елу жыл­да – ел жаңа» дейді. Сонда ата ұрпақ ес­кі­нің соңында тұрса, немере ұр­пақ жаңа­ның басында тұрмақ. Елу жыл­да қоғам өмірінде айтулы терең құбылыстар болмақ. Біздің тәжірибемізде ол ғасыр­лар тоғысына келді. Аға ұрпақ­тың тәжіри­бе­сі ХХ ғасыр­да қалды. Немере ұрпақ ХХІ ғасырда. Сондықтан ол – Жастар ғасыры. Мәселенің қиын­дығы да осында.
(Ғ.Есім) egemen.kz: https://egemen.kz/article/16975-strategiya-filosofiyasy



Грамматика
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.





8-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шартты райлы етістіктерді табыңыз. Айтылған ой төңірегінде пікірлесіңіздер.

Адамға қажеттілігін берсеңіз, жайлылықты қалайтын болады. Жайлылықпен қамтамасыз етсеңіз, молшылыққа еліктейді. Молшылықты жаудырсаңыз, талғампазданады. Талғампаздықты қолға ұстатсаңыз, ессіздікті іздейді. Осының барлығын беретін болсаңыз, ол қалаған затымды бермедіңдер деп шағымданатын болады.


(Эрнест Хемингуэй)

Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл әлемде махаббатты табуды үйренеді.


(Мария Монтессори)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет