5- тапсырма. Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіз, мезгіл мәнді -ғанда, -ған соң, кейін /уақытта/ шақта құрылымдарын пайдаланыңыз.
Үлгі: Мамандықты дұрыс таңдау. Үлкен жетістікке жету.
Мамандықты дұрыс таңдағанда, үлкен жетістікке жетер еді.
Жұмысқа тұру. Жауапкершілікті сезіну.
Университетті бітірдік. Диплом алдық.
Түнгі уақыт. Балаларға көшеде жүруге болмайды.
Жастық шақ. Алған білім тасқа басқан мөрмен тең.
Орманға бару. Жеуге жарамды жидектерді жинаймыз.
Отбасын құру. Арман-мақсаттарға бірге қадам басуы керек.
6-тапсырма. Айтылған ойдың себебін жазыңыз.
Мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау
ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Себебі ... ...
Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда,
екіншісі – мамандық таңдағанда. Себебі ... ...
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол
үшін, ең алдымен, мамандығыңызға деген махаббат керек. Себебі .. ...
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын
мамандық – адам болып қалу. Себебі ... ...
7-тапсырма. Өз пікіріңізді білдіріңіз.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Ал сіздің мамандық туралы пікіріңіз қандай? Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |