(Тағаева С.Б.) 4-тапсырма. Сіз не дейсіз? Ой бөлісіңіз.
а) Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Сіз қалай ойлайсыз?
ә) Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Осы оймен келісесіз бе? Дәлелдеңіз.
б) Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек. Мамандықты дұрыс таңдаудың тағы қандай жолдары бар?
в) Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары білікті мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу. Мамандықты дұрыс таңдамаудың тағы қандай себептері бар?
Грамматика мезгіл мәнді құрылым -ғанда, -ған соң, кейін /уақытта/ шақта құрылымдары Сөйлеу үлгілері: Университетті бітірген соң, өз ісімнің шебері болғым келеді. Диплом алған соң ... ... . Жоғары оқу орнына түскеннен кейін ... ... . Құжаттарымды тапсырғаннан кейін ... ... .