В республикасы Білім және ғылым министрлігі


Айтылым 13-тапсырма



бет47/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Айтылым



13-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Табысты болу үшін не істеу керек?» тақырыбы бойынша ой бөлісіңіздер.
4.2 АҚША ЖӘНЕ АДАМДАР



Тыңдалым. Айтылым



14-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Кәсіп, тіл табысу, ғайып, тірнектеп жүріп табу, тетігін табу, күллі адамзат, қадір, сараң, тер төгу, елес, қасақана, тұрақтамау.




15-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Ақша адам өмірінде қаншалықты маңызды?

  2. Адамдар ақшаны қалай табады?

  3. «Теңге тиыннан құралады» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіз?

  4. Ақша туралы тағы қандай мақал-мәтелдер білесіз?




Оқылым. Айтылым



16-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Еңбекті жолдас еткендердің екі нәр­сесі бар: кәсіп пен ақша. Бұл ақ­шасы жоқтың бәрі еңбек етпейді де­ген сөз емес. Мәселе, еңбекпен кім­нің, қалай тіл табысуында. Бі­реулер еңбек атаулымен алыстан ара­ласып, ғайыптан бай болып ке­теді. Енді біреулер тірнектеп жү­ріп ақша табады. Бірақ анау айтқандай бай емес. Бұл да ақша табудың бір жо­лы. Мұны жоққа шығара алмайсыз. Яғни кез келген адам ақша таба алады. Біреу көше сыпырып, ті­­гін тігеді. Біреу қалам ұстап, ән ай­­тады. Бәрінің мақсаты бір. Айыр­­машылығы, бәрі бірдей бай емес.


Қазақстандық ең жас миллионер Марат Әбиев ақша табудың те­ті­гін он жасында тауыпты. Сол за­манда скотч жоқтың қасы. Ол сы­ныптастарының жыртылған кіта­бының әр бетін 5 теңгеге жа­быс­тырып ақша табады. Мұны түсін­бегендер, әрине, күлді. Бірақ еш­кім сол 5 теңге миллионердің ал­ғашқы табысы болады деп ой­лаған жоқ. Еңбектің таза жеңісі деген осы болар. Ойыма мынандай диалог оралып отыр:
Адам: – Ақша, сенің балаларың да, бауырларың да көп. Қаласаң, жер бетіндегі барша жұртқа жете­сің. Елді таластырмай, неге бәріне бара бермейсің, а-а-а?
Ақша: – Жо-о-оқ, адам, қате­лес­­пе. Иә, мен күллі адамзатқа жете­­мін. Бі­рақ сендер менің көп­тігімді біл­сеңдер, қадірімді ұмыта­сыңдар. Сол үшін де әдейі аз болып көріне­мін. Соншалықты сараң да емеспін. Бармаймын емес, барамын. Тек, ақылдың айтқаны болып, еңбектің тері төгілген жерге ғана.
Адам: – Сенбеймін. Өмірінде ең­кейіп көрмеген қаншама адам жүр. Ақшасын бұршақша жаудырып. Сол ағайындар саған қалай жетіп жүр?
Ақша: – Олар мен емес. Менің елес­терім. Оларды сынау үшін қа­сақана жіберемін. Көп адам мені елес­теріммен шатастырып алады. Кө­ре сала, құшақ жаяды. Жібергісі кел­мейді. Мен екен деп қалады. Ал ме­нің елестерім ешқашан ешкімнің ба­сына тұрақтамаған. Олар тек экс­перимент үшін ғана. Есіңе сақ­та, мен де, елестерім де ешқашан мәң­гілік емеспіз. Таң қаламын… неге мені сонша жақсы көр­есің­дер?
Адам: – …соны өзім де білмей­мін.
Кімнің, қалай ақша тауып жүр­гені өзі мен Тәңірге ғана аян шығар. Ақша табудың нақты қадамдарын ұсынған экономист, миллионерлер же­терлік. Бірақ біреудің айтқан жолы екіншіге табыс әкелуі мүмкін бе?! Ойлану керек…
(Маржан Әбіш)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет