В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет34/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

14-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егер де сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше қабілет қатар кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі.


Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдайым өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет.
(Қабілет Malimetter.kz)


15-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Қабілет дегеніміз не?
ә) Адамның өз бойындағы қабілетін дамытуы қаншалықты маңызды?
б) Адамдар үшін бақыт деген не?
в) Ұлы ойшыл Сенека адамның бойындағы қабілет қай кезде білінеді дейді?


16-тапсырма. Сіз не дейсіз? Пікірлесіңіздер.


Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды.
Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады.
Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке-шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады.
Өкінішке орай, көп адам өз қабілетінің қандай екенін, не нәрсеге бейім екенін іс жүзінде анықтай алмай немесе оған мән бермей, соның салдарынан көпке дейін өмірден өз орнын таба алмайды.
Өмірде адамның ісі, мамандығы қабілетіне сай келсе, өзі оған бейім болса, жолының болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет