В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет42/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Тыңдалым. Айтылым

1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Табысты болу, бәсекеге қабілеттілік, мүмкіндікті қалт жібермеу, табандылық, тапсырмаға ден қоя білу, оңтайлы шешім таба алу, ыждаһаттылық, қол жеткізу, сыни көзбен қарау.




2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Қандай адамдарды «табысты адамдар» деп айтар едіңіз?

  2. Біздің заманымыздың ең табысты адамдарын білесіз бе?

  3. «Табыс кілті – еңбекте» деген мақалды қалай түсінесіз?

  4. Өзіңіз білетін табысты адамдардың күнделікті өмір салты туралы әңгімелеп беріңіз.




Оқылым. Айтылым



3- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Табысты болудың 10 ережесі
(Билл Гейтс)



Бәсекеге қабілеттілік. Жоғары ақыл-парасатынан және
мүмкіндіктерді қалт жібермейтін қабілетінен өзге, Билл өзіне тең адамдардың арасында мықты болғандығын достары да айтады. Осылайша, бәсекеге қабілеттілікті басқа адамдармен бірдей мүмкіндікте бола тұра олардан суырылып шыға алғандығымен анықтауға болады. Дамығыңыз келетін саланы таңдаңыз және сол салада жетістікке жетуге тырысыңыз. Міндетті түрде алдыңызға мақсат қойыңыз, күнделікті нәтижені жақсартуға тырысыңыз.
2. Табандылық. Нақты бір тапсырманы жауабы табылғанша табандылықпен іздену табысқа жетелейді және кез келген мәселені шешуге көмектеседі. Мақсатқа жетер жолда міндетті түрде кедергілерге тап боласыз, соларға дайын болу керек және жоспарлы түрде әрдайым алға жылжи беру керек.
3. Кітап оқу. Билл Гейтс қана емес, көптеген табысты адамдар кітап оқуды дұрыс деп санайды. Олардың табысқа жетуінің бірден-бірі сыры – жаңа білім алып отыруында, ақыл-парасатын дамытып отырғандығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет