В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет5/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Оқылым. Айтылым



13-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Отбасы дәстүрі


Қазақ халқының отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері болған. Нәресте туылғаннан соң, үш күннен кешіктірмей оған ат қойылуға тиісті. Жаңа туған сәбиге лайықты ат қоюға халық ерекше көңіл бөліп, жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Өмірге келген сәбидің құлағына азан шақырып ат қойылады.
Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді баланың кішкентай кезінен іздестіре бастайды. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздейді. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынған.
Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де – отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпеген.
Халқымызда бата беру салты бар. Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке отау болған жастарға да беріледі. Әр отбасы балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алуға тырысқан. 
Сүйінші – қуанышты хабар әкелген адамға берілетін сыйлық. Өмірге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды. Сол кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.
Қазақтардың бір жақсы әдет-ғұрпы – ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туыстары, көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген.
Сыбаға – қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбаға алған үй әкелген cыбағағa көршілерін, жақын туыcтарын шақырaды. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.
(https://surak.baribar.kz/225308/)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет