В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет7/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Тыңдалым. Айтылым

1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Отбасы бақыты, бақ-береке, дауыс көтеру, жайғастыру, алжу, қарсы шықпау, дереу, көңілін қалдырмау, ұрыс-керіс.




2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.



1) «Сыйластық, өзара түсіністік» деген сөздерді қалай түсінесіз?

2) Отбасының бақыты неде?

3) Отбасы, сыйластық туралы қандай мақал-мәтел білесіз?




Оқылым. Айтылым



3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Отбасы бақытының сыры

Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, басқа адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Отбасы бақыты дегеніміз не? Үйдегі тыныштықтың, түсіністіктің ең негізгі қағидаларының бірі – сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы қатынаста болсақ, дәл сондай жағдайдың жанұя ішінде де болуы. Сыйластық болған үйде бақ-береке де болады.


Ертеде бір жас жігіт отбасы ішінде қалай бақыт пен тыныштық орнатуға болатынын іздейді. Адамдар оған: «Көрші ауылда бір шал мен кемпір бар. Білсе, бақытты тұрмыстың сырын солар біледі. Өйткені олардың ұрысқанын, бір-біріне дауыс көтергенін әлі ешкім көрген емес», – дейді.
Жас жігіт әлгі айтылған үйге барып, амандасып, хал-жағдай сұрасқаннан кейін үй иесіне келген себебін айтады. Қарт кісі дастарқан басына қонақты жайғастырып отырғызады. Кемпірі дастарқанға бір қауын әкеледі. Қарт кісі қауынға бір қарайды да, кемпіріне: «Ханым, бұл қауын онша піспегенге ұқсайды, ауыстырып әкелесің бе?» – дейді. Әйелі «жарайды», - деп қауынды кері әкетіп, тағы бір қауын әкеледі. Күйеуі: «Бұл да болмады, тағы басқасын көрші», – дейді. Әйелі «жарайды», – деп, тағы алып кетеді. Қарт кісі келген қонаққа: «Әйелім онша таңдай алмаса керек, кеттік, бірге барып таңдап келейік» деп, екеуі бірге асүйге кіреді. Асүйге кіргенде бір ғана қауын тұрғанын көреді. Қарт кісі қонаққа қарап: «Отбасы бақытының сырын түсіндің бе?» – деп сұрайды. Жас жігіт: «Түсінбедім», – деп жауап береді. «Балам, үйде бір ғана қауын бар еді. Мен бір ғана қауын бар екенін білетінмін, менің білетінімді әйелім де біледі. Мен қауынды алып кетіп басқасын әкел дегенімде, жарайды деп әкетіп, дәл соны қайта әкелді. «Ей, шал, сен алжығанбысың, үйде бір ғана қауын бар, не айтып тұрсың?» – демеді. Мен бір нәрсе айтқанымда әйелім қарсы шықпайды, дереу айтқанымды орындайды. Ол да бір нәрсе айтқанда, мен де оның көңілін қалдырмаймын. Сол себепті ұрыс-керіс те болмайды. Отбасы бақытының сыры – осы», – дейді.
(islamdini.kz›articles/1580)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет