В республикасы Білім және ғылым министрлігі


ТАҢДАУ Асхаттың алгоритмі



бет92/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

3. ТАҢДАУ


Асхаттың алгоритмі

Асхат Мырзабаев небәрі 21 жасында Сан-Франциско қаласының «Твиттер» компаниясына жұмысқа орналасқан алғашқы қазақстандық. Асхат мектепте оқып жүрген кезінен ерекше дарынымен көзге түсіп, химия пәні олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болған. Содан 2008 жылы Алматыдағы С.Демирель атындағы университетке инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша оқуға түседі. Университеттің 3-ші курсында оқып жүргенде оқуын АҚШ-қа ауыстырады. Ол АҚШ-та оқумен қатар түрлі жұмыстар істеп, жобаларға қатысып жүреді. Оның танымалдығы қатерлі ісік ауруына шалдыққандар үшін қайырымдылық жасап, қомақты қаражат аударғаннан кейін арта түсті. 25 жастағы қазақ жігіт Асхат Мырзабаев Ұлыбританиядағы Barclays банкінде жарты жыл қызмет етіп, 2 миллион доллар табыс тапты. Жас маман табысын қатерлі ісікке қарсы күрес орталығына аударды.


«Жобаларға қатысудағы мақсатым ақша емес, мен үшін бұл тәжірибе, жаңа таныстық, білім алу ғана. Бізде топ-менеджерлері арасында ақшаны қайда жұмсайтынымыз жайлы әңгіме болды. Сол кездесуде барлық гонорарымды әлемдік маңызы бар пайдалы іске беретінімді айттым. Мен қаражатты қатерлі ісік саласындағы зерттеулермен айналысатын халықаралық ұйымға аудардым. Миллион табыс тапқан адамдардың екінші миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты ақша емес қой. Мақсат – адамдарға пайда тигізу», - дейді Асхат.
Асхат қазақстандықтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын стартаптың негізін қалаушылардың бірі. Жас маманның мақсаты – Қазақстандағы дарынды адамдарды жинап, оларға жаңа мүмкіндіктерді ашу. Асхаттың дипломдық жұмысын «Майкрософт» компаниясы сатып алды. Бүгінде Асхат ойлап тапқан кішкентай ғана алгоритмді әлемнің миллиондаған адамдары өз игілігіне пайдаланып жатыр. Болашақта Google компаниясының атқарушы директоры болғысы келеді.
(http://alashainasy.kz, 2017 ж.)
Саз аспап шебері

Нұрлан Абдрахман Саз аспаптарын жасаушы шебер ретінде 40 жылдан артық еңбек етіп келеді. Аспаптарын осы күнде елімізде танымал «Отырар сазы», Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптары оркестрі, «Сазген сазы» ансамблі, одан бөлек еліміздің барлық аймақтарындағы мәдениет үйлері, ансамбльдер мен оркестрлер қолданып жүр.


Шебер: «Саз аспаптарының шебері болу үшін ең бастысы шыдамдылық керек. Аспаптың сыртқы формасын ұқыпты жасаумен қатар оның дауысын жақсылап шығару ұзақ ізденісті талап етеді. Екінші – байқампаздық пен сезімталдық, яғни ішкі түйсік қажет. Әрбір пайдаланған ағашың қандай қалыңдықта тілінуі керек, оның қаттылығы мен жұмсақтығы, жылдық сақиналарының жиілігі дыбысқа қалай әсер етеді деген сынды көптеген ерекшеліктерді байқап, іштей сезіне білу өте маңызды. Үшіншіден – жаңа білімді меңгеруге деген талап керек. Қазақтың ұлттық саз аспаптарын қазіргісінен де жақсарта түсу үшін техниканың, ғылымның соңғы жетістіктерін меңгеруге талпыныс қажет», - дейді.
Қазір музыкалық аспап жасауда қолданылатын материалдар бұрынғысына қарағанда әр алуандылығымен ерекшеленеді. Бұрынғы шеберлер өздері тұрған жерлеріндегі үйеңкі, арша, алмұрт, шырша сияқты тек қазақ жерінде өсетін ағаш түрлерін пайдаланса, осы күнде шеберлеріміз Латын Америкасы, Африка сияқты өзге құрлықтарда ғана кездесетін қызыл ағаш, эбен, палисандр сияқты ағаш түрлерінен аспап жасап жүр. Қазір қаласаңыз 3D форматтағы станоктардың көмегімен өте күрделі жұмыстардың өзін компьютерлік бағдарламалар арқылы жоғарғы деңгейде орындауға болады. Осы құралдардың көмегімен әртүрлі формаларды, иірімдерді, өрнектерді жасау бұрынғысынан әлдеқайда жеңілдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет