В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы СӨж тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістері Студент: Тәліпханова Н. Н


Мен білемін Нені білгім келеді



бет8/8
Дата22.11.2022
өлшемі30,92 Kb.
#51726
1   2   3   4   5   6   7   8
Мен білемін

Нені білгім келеді

Не білдім




1-қадам. Мұғалім тақырыпты атап, мәтіннің атауын хабарлайды, оқушылардан кейіпкер туралы ақпараттарды, жалпы ол туралы не білетінін еске түсіруін сұрайды, өтінеді. (Мен білемін).
2-қадам. Мұғалім оқушылардан осы мәтін арқылы не білгісі келетінін, кейіпкер туралы не білгісі келетінін айтуды өтінеді. (Нені білгім келеді?)
3-қадам. Мәтінді оқып, кестенің үшінші бағанын толтыру. (Не білдім?)
«Абылай хан» мәтінімен жұмыс
Мысалы, мен білемін бағаны бойынша жауаптар:

  1. Мен Абылай ханды белгілі адам ретінде білемін.

  2. Мен Абылай ханды атақты адам ретінде білемін.

  3. Мен Абылай ханды тарихи адам ретінде білемін.

  4. Мен Абылай ханның туған жылын білемін.

Екінші баған бойынша, нені білгісі келеді, соны жазады.
Мысалы,

  1. Мен Абылай ханның өмір жолы туралы білгім келеді.

  2. Мен Абылай ханның қандай адам болғанын білгім келеді.

  3. Мен Абылай ханның кім болғанын білгім келеді.

Үшінші баған мәтін оқылып болған соң толтырылады. Оған дейін нені білдім бағанына жазылатын сөйлемдер үлгісі:

  1. Мен Абылай ханның шын атын білдім.

  2. Мен Абылай ханның мұсылманша жақсы білім алғанын білдім.

  3. Мен Абылай ханның домбыраны жақсы тартқанын білдім.

  4. Мен Абылай ханның жастай жетім қалғанын білдім. т.с.с.

Бұл тапсырманы жеке де, жұптық тапсырма ретінде де, топта да орындай беруге болады. Әр кезеңнің соңында ұжымдық талқылау жүргізіледі. Маңызды ақпараттар мен аса қызықты мағлұматтар кестеге, тақтаға немесе плакатқа жазылады.
Сын тұрғысына ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткіздік. Нақтылай қорытынды жасасақ, оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.


Пайдаланылған  әдебиеттер.

  1. Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау Қазақ тілі мен әдебиеті. № 10.

  2. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту Білім – Образование. – 2006, №2.

  3. Тұңғатова Ғ. Қазақ тілі сабағында сыни ойлауды дамыту «Қазақ тілі: әдістеме»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет