В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы СӨж тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістері Студент: Тәліпханова Н. Н



бет6/8
Дата22.11.2022
өлшемі30,92 Kb.
#51726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 5 каз

әңгімеге тарту (вызов);

  • жаңа ақпараттың мәнін түсіну (смысловая стадия);

  • ой қорыту (рефлексия).

    Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқу әрекеті түрлері бойынша оқыту үдерісін қамтитын белгілі бір әдістер, тәсілдер, мен стратегияларды ұсынады. Әр сатының өзінің нақты, мысалы, әңгімеге тарту сатысына арналған қолданылатын тәсілдер мен стратегиялары бар.
    Сыни ойлауды дамыту технологиясы шеңберінде жұмыс істейтін мұғалім төмендегі ережені қатаң сақтағанда ғана, өнімді еңбекке қол жеткізуі тиіс:


    1. Сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпараттық материалды дұрыс таңдау;

    2. Сабақ беру әдісін дәл таңдау.

    Сонымен, сыни ойлауды дамытуға көмектесетін ақпарат қандай болуы тиіс? Өзекті ақпараттың тез меңгерілетіндігі айтпай-ақ түсінікті. Дегенмен мұғалімдердің пікірі көп жағдайда оқушылардың «өзектілік» мәселесі жөніндегі ойымен дөп келе бермейді.
    Сол үшін де осы мақалада сабақтың алғашқы сатысы әңгімеге тартуға баса назар аударамын. Сыни ойлау ұстанымдарын жүзеге асыратын мұғалімнің міндеті тақырып бойынша белгілі нәрсені «тартып ала отырып» оқушыны жалпы білім алуға қызықтыру, жетелеу және пайда болған сұрақтарды анықтау. Пайда болған сұрақтар жаңа білім алуға сұраныс туғызады. 
    Әңгімеге тарту кезеңі жаңа ақпаратқа бағыттайды, дайындық жасатады, сол ақпарат келесі кезеңдерде одан әрі ашылады. Сабақтың бұл кезеңі келелі оқыту технологиясы деп аталады. Классикалық педагогикада жаңа материалды түсінудегі ішкі және сыртқы уәждеменің пайда болуы немесе күшеюіне жағдай жасайтын оқуға қызығушылық деп те атайды. Шындығында, оқушылар өз сұрақтарына өздері жауап беру үшін берілген кезеңде алдарына нақты мақсат қояды: жаңа материал не үшін керек және нені білуі қажет. Оқушылардың өз уәжі мен мақсатының пайда болуы жаңа материалды үйренудегі шығармашылық пен сыни ойлауды дамытатын басты себеп болып табылады.
    Әңгімеге тарту сатысының міндеттері:
    а) бар білімді белсенділендіру;
    ә) жаңа ақпарат алуға ынталандыру; б) осы сабақта және берілген тақырып бойынша оқушының өз мақсатын анықтап алуы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет